https://sputnik.kz/20260709/qostanayda-alayaqtardyn-arbauyna-tusken-er-adamdy-politseyler-bank-aldynda-toqtatty-64792540.html
Қостанайда алаяқтардың арбауына түскен ер адамды полицейлер банк алдында тоқтатты
Қостанайда алаяқтардың арбауына түскен ер адамды полицейлер банк алдында тоқтатты
Sputnik Қазақстан
Ол алаяқтарға 3 млн теңге кредит алып бермек болған 09.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-09T22:49+0500
2026-07-09T22:49+0500
2026-07-09T22:49+0500
қостанай
алаяқ
https://sputnik.kz/img/07ea/07/09/64792375_0:113:1200:788_1920x0_80_0_0_39f6d2d9719a584bb3b7154adabc2401.jpg
АЛМАТЫ, 9 шілде – Sputnik. Қостанай облысында полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алды, деп хабарлайды Polisia.kz.Тобыл қаласының 46 жастағы тұрғынына өзін пошта қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адам хабарласып, сәлемдемені алу үшін SMS арқылы келген кодты айтуды сұраған.Біраз уақыттан кейін оған өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған алаяқтар қайта қоңырау шалып, жеке деректері қылмыскерлердің қолына түскенін айтқан. Олар ер адамға қылмыскерлерді ұстауға бағытталған "арнайы операцияға" қатысуды ұсынған.Алаяқтардың нұсқауы бойынша азамат 3 миллион теңге көлемінде кредит рәсімдеуі керек болған. Олар бұл әрекет банк қызметкерлерінің жұмысын тексеру және қылмыскерлерді анықтау үшін қажет деп сендірген.Олардың сөзіне сенген ер адам тіпті жұмыстан сұранып, Қостанай қаласына барған. Алайда қылмыстың алдын алуға оның жұбайының қырағылығы көмектесті. Күдіктенген әйел бірден учаскелік полиция инспекторына хабарлаған.Ақпарат Қостанай полициясының қызметкерлеріне жедел жеткізіліп, олар ер адамды банкке кірмек болған сәтте тоқтатқан. Нәтижесінде азамат бірнеше миллион теңге шығыннан аман қалды.
https://sputnik.kz/20260524/qaragandyda-alayaq-bir-birine-zhaqyn-turatyn-zeynetkerlerdi-aldap-ketken-63671905.html
қостанай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/09/64792375_0:0:1200:900_1920x0_80_0_0_77f71c93953af5b23e3a13371f4886f8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай, алаяқ
Қостанайда алаяқтардың арбауына түскен ер адамды полицейлер банк алдында тоқтатты
Ол алаяқтарға 3 млн теңге кредит алып бермек болған
АЛМАТЫ, 9 шілде – Sputnik. Қостанай облысында полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алды, деп хабарлайды
Polisia.kz. Тобыл қаласының 46 жастағы тұрғынына өзін пошта қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адам хабарласып, сәлемдемені алу үшін SMS арқылы келген кодты айтуды сұраған.
Біраз уақыттан кейін оған өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған алаяқтар қайта қоңырау шалып, жеке деректері қылмыскерлердің қолына түскенін айтқан. Олар ер адамға қылмыскерлерді ұстауға бағытталған "арнайы операцияға" қатысуды ұсынған.
Алаяқтардың нұсқауы бойынша азамат 3 миллион теңге көлемінде кредит рәсімдеуі керек болған. Олар бұл әрекет банк қызметкерлерінің жұмысын тексеру және қылмыскерлерді анықтау үшін қажет деп сендірген.
Олардың сөзіне сенген ер адам тіпті жұмыстан сұранып, Қостанай қаласына барған. Алайда қылмыстың алдын алуға оның жұбайының қырағылығы көмектесті. Күдіктенген әйел бірден учаскелік полиция инспекторына хабарлаған.
Ақпарат Қостанай полициясының қызметкерлеріне жедел жеткізіліп, олар ер адамды банкке кірмек болған сәтте тоқтатқан. Нәтижесінде азамат бірнеше миллион теңге шығыннан аман қалды.