Қайын жұртын қырған күйеу баланың ісі: Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты іс тоқтатылды

© © Sputnik / Айсулу Жумагуловасот үкімі
сот үкімі - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2026
Жазылу
Сот-психологиялық-психиатриялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, Ақбаянға динамикалық бақылау және қосымша дифференциалдық диагностика қажет
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Атырау облысында қайын жұртын қырып салған күйеу баланың ісі бойынша оның жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысы іс тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Astana TV арнасына сілтеме жасап.
Сұлтан Сәрсемалиевтың бұрынғы әйелі Ақбаян Мұқанғалиева да Индонезиядан экстрадицияланған болатын. Бас кезінде Ақбаян адам өлтіру бабымен айыпталған. Бірақ қылмыс құрамының болмауына байланысты айыпты алып тастаған болатын. Бұрынғы күйеуінің қылмысын жасырды деген күдік те болған. Осыған байланысты бөлек іс қозғалған. Алайда бұл айып та дәлелін таппады. Полиция істі тоқтатты.
"Тергеп-тексеру нәтижесімен, Мұқанғалиеваның іс-әрекетінде Қылмыстық кодекстің 434-бабының (қылмыс туралы хабарламау) дәлелденбеуіне байланысты 24 маусым 2026 жылы ҚПК-нәің 35-бабы 1-бөлігінің 2-тармағы негізінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеп тексеру тоқтатылды", - дейді облыс прокурорының көмекшісі Айсұлу Сүлеймен.
Осылайша, Мұқанғалиева ата-анасы мен бауырларын өлтірген қатыгез жолдасының әрекеті үшін заң алдында жауап бермейді. Сот-психологиялық-психиатриялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, Ақбаянға динамикалық бақылау және қосымша дифференциалдық диагностика қажет. Қазір ол ем қабылдап жүр.
Архивное фото заключенного - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2026
Атырауда күйеу баланың қолынан қаза болған отбасы: қанды оқиғаға қатысты тың ақпарат шықты
Жаңалықтар
0