Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ердоған: Түркия Украинадағы қақтығысты тоқтатуға күш салып жатыр

© AFP 2024 / ADEM ALTANРеджеп Тайип Эрдоган
Реджеп Тайип Эрдоган - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2026
Жазылу
Ердоған Түркияның Украинадағы және Иранға қатысты қақтығыстарды дипломатиялық жолмен шешуге күш салып жатқанын мәлімдеді
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Түркия Украинадағы және Иранға қатысты қақтығыстарды дипломатиялық жолмен реттеуге күш салуын жалғастырып жатыр. Бұл туралы президент Режеп Тайып Ердоған Словакия президенті Петер Пеллегринимен кездесуде айтты, деп хабарлады Түркия президентінің әкімшілігі.
Кездесу Анкарада НАТО саммиті аясында өтті. Тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынасты, сондай-ақ өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылады.
"Түркия Украинадағы соғысты және Иранға қатысты шиеленісті дипломатиялық жолмен тоқтатуға күш салуын жалғастырып жатыр", – делінген президент әкімшілігінің хабарламасында.
Ердоған Түркия мен Словакия сауда және инвестиция саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін күш-жігерін арттыруы қажет екенін айтты. Оның сөзінше, энергетика мен көлік салаларындағы байланыстарды кеңейту екі елге де тиімді болады.
Сонымен қатар, Ердоған Түркияның Газа секторында бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға, сондай-ақ Палестинадағы гуманитарлық дағдарысты тоқтатуға бағытталған жұмыстарын жалғастырып жатқанын атап өтті.
Украинадағы қақтығыс басталғаннан бері Түркия Мәскеу мен Киев арасындағы келіссөзге арағайын болуға дайын екенін бірнеше рет мәлімдеді. Анкара екі тараппен де байланыс жасап, келіссөздерді ұйымдастыруға қатысып келеді және атысты тоқтату мен қақтығысты саяси-дипломатиялық жолмен шешуді қолдайды.
Киев - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.07.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина НАТО-дан Patriot кешендеріне арналған зымырандарды сұрады
Жаңалықтар
0