https://sputnik.kz/20260709/dzheki-chan-qazaqstanda-tusiriletin-filmge-qatysady-balaeva-akterge-sattilik-tiledi-64789492.html
Джеки Чан Қазақстанда түсірілетін фильмге қатысады: Балаева актерге сәттілік тіледі
Джеки Чан Қазақстанда түсірілетін фильмге қатысады: Балаева актерге сәттілік тіледі
Sputnik Қазақстан
Фильмнің түсірілімі 2026 жылдың шілде-қазан айларында Алматы қаласы, Алматы және Маңғыстау облыстарында өтеді 09.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-09T16:03+0500
2026-07-09T16:03+0500
2026-07-09T16:05+0500
джеки чан
аида балаева
фильм
https://sputnik.kz/img/07ea/07/09/64788939_0:134:2560:1574_1920x0_80_0_0_bf2be5090c56586b56461017c5ae13c9.jpg
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Алматыда белгілі актер Джеки Чанның қатысатын Armour of God: Ultimatum ("Доспехи бога: Ультиматум") халықаралық көркем фильмін түсіруді ресми түрде бастау рәсімі өтті, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Джеки Чанның Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға қосып отырған үлесін жоғары бағалады.Кездесу барысында Джеки Чан Алматының талантты жас суретшілерімен және Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлектері – жас кинематографистермен әңгімелесті. Ол жастарға шығармашылық жолда табыс тілеп, үздіксіз ізденіс пен өз ісіне деген сүйіспеншіліктің маңызын атап өтті. Кездесу соңында балалар әйгілі актерге өздері салған портреттерді тарту етті.Іс-шара соңында қатысушылар дәстүрлі түсірілім тақтайшасымен естелік суретке түсті.Жоба Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Қытайдың мемлекеттік кинокомпаниясы China Film Group Corporation-ның қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Фильм өндірісімен қазақстандық Sәlem Entertainment компаниясы және гонконгтық Billion Target компаниясы айналысады.Фильм түсірілімі 2026 жылғы шілде мен қазан айлары аралығында Қазақстан аумағында өтеді. Картинаның қоюшы режиссері – қазақстандық Роберт Кун. Туынды кең халықаралық прокатқа бағытталған. Негізгі түсірілім алаңдары Алматы қаласында, Алматы және Маңғыстау облыстарында орналасады.
https://sputnik.kz/20260615/mangystauda-dzheki-channyn-tanymal-filminin-zhalgasy-tusirilip-zhatyr-64120287.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/09/64788939_143:0:2418:1706_1920x0_80_0_0_245542f73bc2bbc13f28333c1ff89f69.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
джеки чан, аида балаева, фильм
джеки чан, аида балаева, фильм
Джеки Чан Қазақстанда түсірілетін фильмге қатысады: Балаева актерге сәттілік тіледі
16:03 09.07.2026 (жаңартылды: 16:05 09.07.2026) Фильмнің түсірілімі 2026 жылдың шілде-қазан айларында Алматы қаласы, Алматы және Маңғыстау облыстарында өтеді
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Алматыда белгілі актер Джеки Чанның қатысатын Armour of God: Ultimatum ("Доспехи бога: Ультиматум") халықаралық көркем фильмін түсіруді ресми түрде бастау рәсімі өтті, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Джеки Чанның Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға қосып отырған үлесін жоғары бағалады.
"Қазақстан мәдениетін әлемдік аренада танытуға және екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға қосып отырған үлесіңіз үшін Сізге алғыс білдіремін. Алдағы түсірілім жұмыстарына сәттілік тілеймін", – деді Балаева.
Кездесу барысында Джеки Чан Алматының талантты жас суретшілерімен және Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлектері – жас кинематографистермен әңгімелесті. Ол жастарға шығармашылық жолда табыс тілеп, үздіксіз ізденіс пен өз ісіне деген сүйіспеншіліктің маңызын атап өтті. Кездесу соңында балалар әйгілі актерге өздері салған портреттерді тарту етті.
Іс-шара соңында қатысушылар дәстүрлі түсірілім тақтайшасымен естелік суретке түсті.
Жоба Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Қытайдың мемлекеттік кинокомпаниясы China Film Group Corporation-ның қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Фильм өндірісімен қазақстандық Sәlem Entertainment компаниясы және гонконгтық Billion Target компаниясы айналысады.
Фильм түсірілімі 2026 жылғы шілде мен қазан айлары аралығында Қазақстан аумағында өтеді. Картинаның қоюшы режиссері – қазақстандық Роберт Кун. Туынды кең халықаралық прокатқа бағытталған. Негізгі түсірілім алаңдары Алматы қаласында, Алматы және Маңғыстау облыстарында орналасады.