https://sputnik.kz/20260709/batys-qazaqstandagy-ken-ornynda-munay-ondiru-kolemi-5-esege-artady-64793241.html
Батыс Қазақстандағы кен орнында мұнай өндіру көлемі 5 есеге артады
Батыс Қазақстандағы кен орнында мұнай өндіру көлемі 5 есеге артады
Sputnik Қазақстан
Өндірістік нысанда газды кешенді дайындау қондырғысы іске қосылмақ 09.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-09T19:42+0500
2026-07-09T19:42+0500
2026-07-09T19:42+0500
батыс қазақстан облысы
мұнай
мұнай кен орыны
https://sputnik.kz/img/381/67/3816728_0:0:3077:1731_1920x0_80_0_0_f3fe6672505e4993406f5f06e3cdb4f3.jpg
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Батыс Қазақстандағы кен орындарының бірінде мұнай өндіру көлемін 5 есеге арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы "Ембімұнайгаз" компаниясы мәлімдеді.Оңтүстік-Шығыс Новобогат кен орнында биыл жылдық қуаты 80 млн текше метр болатын газды кешенді дайындау қондырғысын іске қосу жоспарланған.Айта кетері, өткен жылы игеріле бастаған Батыс Қарасор кен орнында өндірілетін мұнай қоры 2 млн тонна көлемінде бекітілген. 2026 жылдың алты айында мұнда 37 мың тоннадан астам мұнай өндірілді.Сонымен қатар 2025 жылы Батыс Прорва кен орнында жобалық қуаты жылына 200 млн текше метр газ өндіруге есептелген алғашқы іске қосу кешені пайдалануға берілді. Жобаның екінші кезеңінде, яғни 2027 жылы бұл көрсеткішті жылына 920 млн текше метрге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.
https://sputnik.kz/20260705/opek-elderi-munay-ondiru-kolemin-arttyruga-kelisti--64696044.html
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/381/67/3816728_346:0:3077:2048_1920x0_80_0_0_1d6957cfa57c2ab3b3eb812e5fb6ffec.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
батыс қазақстан облысы, мұнай, мұнай кен орыны
батыс қазақстан облысы, мұнай, мұнай кен орыны
Батыс Қазақстандағы кен орнында мұнай өндіру көлемі 5 есеге артады
Өндірістік нысанда газды кешенді дайындау қондырғысы іске қосылмақ
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Батыс Қазақстандағы кен орындарының бірінде мұнай өндіру көлемін 5 есеге арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы "Ембімұнайгаз" компаниясы мәлімдеді.
Оңтүстік-Шығыс Новобогат кен орнында биыл жылдық қуаты 80 млн текше метр болатын газды кешенді дайындау қондырғысын іске қосу жоспарланған.
"Бұл жоба ішкі нарыққа қосымша тауарлық және сұйытылған көмірсутек газын тұрақты жеткізуге жол ашып, кен орнындағы мұнай өндіру көлемін жылына 20 мың тоннадан 110 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетері, өткен жылы игеріле бастаған Батыс Қарасор кен орнында өндірілетін мұнай қоры 2 млн тонна көлемінде бекітілген. 2026 жылдың алты айында мұнда 37 мың тоннадан астам мұнай өндірілді.
Сонымен қатар 2025 жылы Батыс Прорва кен орнында жобалық қуаты жылына 200 млн текше метр газ өндіруге есептелген алғашқы іске қосу кешені пайдалануға берілді. Жобаның екінші кезеңінде, яғни 2027 жылы бұл көрсеткішті жылына 920 млн текше метрге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.