Астанада Данияр Елеусінов ұсталды деген ақпарат тарады

© Sputnik / Абзал КалиевАвтомобиль патрульной полиции на улице города
Автомобиль патрульной полиции на улице города - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2026
Жазылу
Ер адам жол апатына түсіп, оқиға орнынан қашып кеткен
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Астанада танымал боксшы Данияр Елеусінов ұсталды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
БАҚ-та тараған ақпаратқа сәйкес, танымал боксшы жол апатына түсіп, оқиға орнынан қашып кеткен. Полиция департаментінің бізге берген ақпараты бойынша екі жол апаты болып, салдарынан бірнеше көлік зақымданған. Жол апатына Toyota Land Cruiser жүрізушісі кінәлі.

"Ол оқиға орнынан қашып кетті. Бірақ шұғыл іздестіру шаралары барысында көлік анықталып, Достық көшесінде тоқтатылды. Рөлде масаңдық белгілері бар 35 жастағы ер адам отырды", - дейді полицейлер.

Жол апатында зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде тексеріс шаралары басталды. Соның нәтижесінде джип жүргізушісінің әрекетіне құқықтық баға беріледі.
Осы орайда полицейлер заң алдында бәрі тең екенін де ерекше атап өтті.
Айта кетері, Данияр Елеусінов екі дүркін Азия чемпионы болған. Ал 2016 жылы Олимпиада чемпионы атанды.
Боксер Данияр Елеусинов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2025
Данияр Елеусінов неліктен өзінен кейін бокстан Олимпиада чемпионы шықпағанын айтты
Жаңалықтар
0