Ұлытау облысында кәсіпорын директоры пара беру кезінде ұсталды

© Photo : ПолицияҰлытау облысында кәсіпорын директоры пара беру кезінде ұсталды
Ұлытау облысында кәсіпорын директоры пара беру кезінде ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2026
Жазылу
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
АСТАНА, 9 шілде - Sputnik. Ұлытау облысында кәсіпорын директорының пара беру әрекеті әшкереленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ер адам тергеушіге ақшалай сыйақы ұсынған. Күдікті алаяқтық фактісі бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс бойынша оң шешім қабылдатпақ болған.

"Тергеу бөлімінің қызметкері күдіктінің заңсыз әрекеттері туралы өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлаған. Жедел іс-шаралар барысында күдікті ақшаны беру кезінде қылмыс үстінде ұсталды. Қаражат тәркіленді", - дейді полиция.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Істі тоқтатамын: Ұлытау облысында адвокат алаяқтық жолмен 31 млн теңге пара алған  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2026
"Істі тоқтатамын": Ұлытау облысында адвокат алаяқтық жолмен 31 млн теңге пара алған
Жаңалықтар
0