https://sputnik.kz/20260708/tramp-iranmen-aradagy-bitimnin-ayaqtalganyn-malimdedi-64759534.html
Трамп Иранмен арадағы бітімнің аяқталғанын мәлімдеді
Трамп Иранмен арадағы бітімнің аяқталғанын мәлімдеді
Sputnik Қазақстан
АҚШ президенті Иранмен келіссөздерді "уақытты босқа жоғалту" деп санайды 08.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-08T16:30+0500
2026-07-08T16:30+0500
2026-07-08T16:30+0500
дональд трамп
ақш
иран
https://sputnik.kz/img/07ea/07/08/64754013_0:71:3071:1799_1920x0_80_0_0_50f3b8686ef417baa008538b9512fc25.jpg
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен арадағы атысты тоқтату режимінің аяқталғанын мәлімдеді.Анкарадағы альянс саммиті алдында НАТО-ның бас хатшысы Марк Рюттемен бірлескен мәлімдемесінде АҚШ президенті Иранмен атысты тоқтату келісімі енді өзі үшін күшін жойғанын айтты, деп хабарлайды РИА Новости."Мен Иранмен бұдан былай істес болғым келмейді", - деді Трамп.Журналистер алдында сөйлеген сөзінде Трамп Иран басшылығын да сынға алды."Олар - өтірікшілер. Біз келісім жасаймыз. Бәрі келіседі. Ешқандай ядролық қару болмайды. Біз келісім жасаймыз. Кейін олар баспасөзге шығып, біз бұл туралы тіпті сөйлескен де жоқпыз дейді. Оларда бір шикілік бар", - деді ол.АҚШ тағы шабуыл жасады8 шілде күні таңертен Американың қарулы күштері Иранның оңтүстік-батысындағы Хузестан провинциясына соққы жасады. Жергілікті қауіпсіздік бөлімнің басшылығы бір адамның қаза тапқанын хабарлады. Бұдан бөлек, екі адам жарақат алды.АҚШ Қарулы күштерінің орталық қолбасшылығы таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл шабуылға Иран Ормуз бұғазы арқылы өткен коммерциялық кемелерге жасаған соққылары себеп болды.Ислам революциясы сақшыларының корпусы өз кезегінде Американың Кувейт пен Бахрейнде орналасқан нысандарына соққы жасады. Иранның сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың екі жақты түсіністік туралы меморандумды бұзғанын мәлімдеді. WSJ мәліметіне сәйкес, АҚШ келіссөздерді жалғастыруға мүдделі.
ақш
иран
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/08/64754013_114:0:2843:2047_1920x0_80_0_0_bfa8fe1f857f1b483654797904d8860d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дональд трамп, ақш, иран
Трамп Иранмен арадағы бітімнің аяқталғанын мәлімдеді
АҚШ президенті Иранмен келіссөздерді "уақытты босқа жоғалту" деп санайды
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен арадағы атысты тоқтату режимінің аяқталғанын мәлімдеді.
Анкарадағы альянс саммиті алдында НАТО-ның бас хатшысы Марк Рюттемен бірлескен мәлімдемесінде АҚШ президенті Иранмен атысты тоқтату келісімі енді өзі үшін күшін жойғанын айтты, деп хабарлайды
РИА Новости.
"Мен Иранмен бұдан былай істес болғым келмейді", - деді Трамп.
Журналистер алдында сөйлеген сөзінде Трамп Иран басшылығын да сынға алды.
"Олар - өтірікшілер. Біз келісім жасаймыз. Бәрі келіседі. Ешқандай ядролық қару болмайды. Біз келісім жасаймыз. Кейін олар баспасөзге шығып, біз бұл туралы тіпті сөйлескен де жоқпыз дейді. Оларда бір шикілік бар", - деді ол.
8 шілде күні таңертен Американың қарулы күштері Иранның оңтүстік-батысындағы Хузестан провинциясына соққы жасады. Жергілікті қауіпсіздік бөлімнің басшылығы бір адамның қаза тапқанын хабарлады. Бұдан бөлек, екі адам жарақат алды.
АҚШ Қарулы күштерінің орталық қолбасшылығы таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл шабуылға Иран Ормуз бұғазы арқылы өткен коммерциялық кемелерге жасаған соққылары себеп болды.
Ислам революциясы сақшыларының корпусы өз кезегінде Американың Кувейт пен Бахрейнде орналасқан нысандарына соққы жасады. Иранның сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың екі жақты түсіністік туралы меморандумды бұзғанын мәлімдеді. WSJ мәліметіне сәйкес, АҚШ келіссөздерді жалғастыруға мүдделі.