Қазақстанның сыртқы саудасы 8%-ға жуық өсті

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуРабота таможенного поста. Архивое фото
Работа таможенного поста. Архивое фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2026
Жазылу
Экспорт көлемі 24 млрд, ал импорт көлемі 20,9 млрд доллар болды
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 44,9 млрд долларға жетті, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды түрде 7,9% артқан.
Экспорт көлемі 24 млрд, ал импорт көлемі 20,9 млрд доллар болды. Қазақстанға тауар жеткізуші ірі елдердің қатарында:
Ресей (6,6 млрд $), Қытай (6 млрд $),
Германия (1 млрд $),
АҚШ (0,9 млрд $),
Оңтүстік Корея (0,5 млрд $) болды.
Қазақстан экспортының негізгі бағыттары:
Қытай (4,9 млрд $),
Италия (4 млрд $),
Ресей (2 млрд $),
Түркия (1,7 млрд $),
Өзбекстан (1,4 млрд $) елдері болды.
"2026 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы көрсеткіштер Қазақстанның сыртқы саудасында оң динамиканың сақталғанын және негізгі халықаралық серіктестермен тауар айналымының тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетеді", - децді бюро сарапшылары.
Теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2026
Қазақстанда ішкі сауда бойынша Алматы мен Астана көш бастап тұр
Жаңалықтар
0