"Қазақстан парламентіне 30 жыл" коллекциялық монеталары сатыла бастайды

© Photo : Пресс-служба Национального банка Казахстана Монета "Парламенту Казахстана 30 лет"
Монета Парламенту Казахстана 30 лет - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2026
Жазылу
Оны дайындау барысында алтын жалату технологиясы қолданылған
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Ұлттық банк "Қазақстан парламентіне 30 жыл" коллекциялық монеталары жақында сатыла бастайтынын хабарлады.
Күміс монета "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясын жалғастырады. Оны дайындау барысында алтын жалату технологиясы қолданылған.
"Монета массасы 24 грамм, диаметрі 37 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1000 теңгелік, таралымы – 1000 (бір мың) дана", - деп жазылған хабарламада.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды. Ол 2026 жылдың 10 шілдесінде Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы сатыла бастайды.
Национальный банк Казахстана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2026
Ұлттық банк екі жаңа коллекциялық монета шығарды
Жаңалықтар
0