Қазақстан ИКАО-мен авиациялық оқиғаларды тергеу саласындағы ынтымақтастықты күшейтпек

© AP Photo / Акимат Мангистауской областиАқтауда апатқа ұшыраған Әзербайжан ұшағы
Ақтауда апатқа ұшыраған Әзербайжан ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2026
Жазылу
Тараптар оқиғаларды тергеу жүйесін дамыту туралы келісімге қол қойды
АСТАНА, 8 шілде - Sputnik. Қазақстан авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тергеу саласында ИКАО-мен ынтымақтастықты нығайтып жатыр, деп хабарлайды Көлік министрлігі.

Канаданың Монреаль қаласында қазақстандық делегацияның Халықаралық азаматтық авиация ұйымы ИКАО Бас хатшысының міндетін атқарушы, ИКАО әуе көлігі бюросының директоры Мұхамед Рахмамен кездесуі өтті.
© Пресс-служба Министерства транспорта КазахстанаҚазақстан әуе оқиғаларын ИКАО-мен бірге зерттейді
Казахстанская делегация встретилась с и.о. генсека ИКАО в Канаде - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2026
Қазақстан әуе оқиғаларын ИКАО-мен бірге зерттейді
Кездесу барысында қазақстандық делегация жаңадан құрылған Орталықтың қызметі мен алдағы даму жоспарларын таныстырды.
"Орталық – ТМД мемлекеттері арасында ИКАО-ның халықаралық стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тергеп-тексеру үшін құрылған алғашқы мамандандырылған органдардың бірі, - дейді министрлік.
© Пресс-служба Министерства транспорта КазахстанаҚазақстан әуе оқиғаларын ИКАО-мен бірге зерттейді
Казахстанская делегация встретилась с и.о. генсека ИКАО в Канаде - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2026
Қазақстан әуе оқиғаларын ИКАО-мен бірге зерттейді
Кездесу қорытындысы бойынша Орталық пен ИКАО арасында Қазақстандағы авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тергеп-тексеру жөніндегі жаңа органның институционалдық әлеуетін нығайтуға бағытталған келісімге қол қойылды.

"Келісім тергеу органының техникалық әлеуетін арттыруға бағытталған кешенді іс-шараларды іске асырады. Жоба аясында ИКАО-ның білікті сарапшылары Орталықтың қолданыстағы мүмкіндіктеріне бағалау жүргізіп, тергеушілерді даярлау қажеттіліктеріне талдау жасайды және зертхананы заманауи жабдықтармен әрі техникалық ресурстармен қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар әзірлейді", - делінген хабарламада.

Орталықтың ИКАО-мен бірлескен жұмысы ұшу қауіпсіздігі деңгейін арттыруға, тергеп-тексерудің заманауи әдістері мен технологияларын енгізуге, материалдық-техникалық базаны нығайтуға және халықаралық авиациялық қоғамдастықпен ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етеді.
Қазақстан авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО стандарттарына сәйкестігін 95,7%-ке жеткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2025
Еліміздің авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО стандарттарына сәйкестігі 95,7%-ке жетті
Жаңалықтар
0