https://sputnik.kz/20260708/eek-ukrainadan-akelinetin-zhiksiz-qubyrlarga-qatysty-dempingke-qarsy-bazh-salygyn-uzartty-64758292.html
ЕЭК Украинадан әкелінетін жіксіз құбырларға қатысты демпингке қарсы баж салығын ұзартты
ЕЭК Украинадан әкелінетін жіксіз құбырларға қатысты демпингке қарсы баж салығын ұзартты
Sputnik Қазақстан
2016 жылы енгізілген демпингке қарсы баждың қолданылу мерзімі 2027 жылдың сәуір айының соңына дейін ұзартылды 08.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-08T22:21+0500
2026-07-08T22:21+0500
2026-07-08T22:21+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07ea/07/08/64743255_0:70:3086:1806_1920x0_80_0_0_94cc866717882f4a1d97881aeecf2720.jpg
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия Украинадан әкелінетін коррозияға төзімді (тот баспайтын) болаттан жасалған жіксіз құбырларға қатысты демпингке қарсы баж салығын қолдану мерзімін 2027 жылғы 29 сәуірге дейін (қоса алғанда) ұзартты.ЕЭК мәліметінше, бұл шараның қолданылу мерзімі 2026 жылғы 6 қыркүйекте аяқталуға тиіс болған. Алайда ЕЭК Ішкі нарықты қорғау департаментіне арыз түсіп, оны қарау нәтижесінде 2026 жылғы 30 сәуірде қайта демпингке қарсы тергеу басталды.Украинадан әкелінетін коррозияға төзімді болаттан жасалған жіксіз құбырларға қатысты кедендік құнның 4,32%-ынан 18,96%-ына дейінгі мөлшердегі демпингке қарсы баж ЕЭК Алқасының 2016 жылғы 26 қаңтардағы шешімімен бес жыл мерзімге енгізілген.ЕЭК бұған дейін бұл шешімнің ЕАЭО аумағындағы тауар өндірушілердің өтініші негізінде қабылданғанын хабарлаған. Олардың қатарында "Челябі құбыр прокат зауыты" АҚ, "Первоуральск жаңа құбыр зауыты" АҚ, "Волжск құбыр зауыты" АҚ және "ТМК-ИНОКС" ЖШҚ бар.2021 жылы бұл шара тағы бес жылға ұзартылған."Тот баспайтын құбыр өндіретін отандық кәсіпорындардың өндірістік қуаты жеткілікті және олар ішкі сұранысты толық қамтамасыз ете алады. Сондықтан тұтынушылар үшін қауіп жоқ, нарық тұрақты жұмыс істеп тұр. Алайда бұл шара тоқтатылған жағдайда тұрақтылық бұзылады", – деген еді сол кезде ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/08/64743255_189:0:2920:2048_1920x0_80_0_0_a294b25fc37e3a5448c50cd2a6463703.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
ЕЭК Украинадан әкелінетін жіксіз құбырларға қатысты демпингке қарсы баж салығын ұзартты
2016 жылы енгізілген демпингке қарсы баждың қолданылу мерзімі 2027 жылдың сәуір айының соңына дейін ұзартылды
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия Украинадан әкелінетін коррозияға төзімді (тот баспайтын) болаттан жасалған жіксіз құбырларға қатысты демпингке қарсы баж салығын қолдану мерзімін 2027 жылғы 29 сәуірге дейін (қоса алғанда) ұзартты.
ЕЭК мәліметінше, бұл шараның қолданылу мерзімі 2026 жылғы 6 қыркүйекте аяқталуға тиіс болған. Алайда ЕЭК Ішкі нарықты қорғау департаментіне арыз түсіп, оны қарау нәтижесінде 2026 жылғы 30 сәуірде қайта демпингке қарсы тергеу басталды.
"ЕАЭО нормативтік базасына сәйкес, қолданыстағы демпингке қарсы шараның мерзімі қайта тергеу жүргізіліп жатқан кезеңге ұзартылады. Бұл тергеу басталған күннен бастап 12 ай ішінде аяқталуға тиіс", – деп түсіндірді ЕЭК-тің сауда блогы.
Украинадан әкелінетін коррозияға төзімді болаттан жасалған жіксіз құбырларға қатысты кедендік құнның 4,32%-ынан 18,96%-ына дейінгі мөлшердегі демпингке қарсы баж ЕЭК Алқасының 2016 жылғы 26 қаңтардағы шешімімен бес жыл мерзімге енгізілген.
ЕЭК бұған дейін бұл шешімнің ЕАЭО аумағындағы тауар өндірушілердің өтініші негізінде қабылданғанын хабарлаған. Олардың қатарында "Челябі құбыр прокат зауыты" АҚ, "Первоуральск жаңа құбыр зауыты" АҚ, "Волжск құбыр зауыты" АҚ және "ТМК-ИНОКС" ЖШҚ бар.
2021 жылы бұл шара тағы бес жылға ұзартылған.
"Тот баспайтын құбыр өндіретін отандық кәсіпорындардың өндірістік қуаты жеткілікті және олар ішкі сұранысты толық қамтамасыз ете алады. Сондықтан тұтынушылар үшін қауіп жоқ, нарық тұрақты жұмыс істеп тұр. Алайда бұл шара тоқтатылған жағдайда тұрақтылық бұзылады", – деген еді сол кезде ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев.