Астанада жеке тұрғын үйден жылан шықты

CC BY-SA 4.0 / Marioxramos / Adult male rainbow snake (cropped image)Взрослый самец радужной змеи
Взрослый самец радужной змеи - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2026
Жазылу
Құтқарушылар арнайы құралдың көмегімен жыланды ұстап, елді мекеннен алыс жерге жіберді
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Астанада жеке тұрғын үйден жылан табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін 112 қызметінің пультіне Сарыарқа ауданындағы Бесшатыр тұйығында орналасқан жеке тұрғын үйлердің бірінің ауласынан жылан табылғаны туралы хабарлама түскен.
"Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жетті. Олар арнайы құралдың көмегімен жыланды ұстап, елді мекеннен алыс жерге жіберді. Зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметі.
Құтқарушылар жыланды байқаған жағдайда оған жақындамай, қауіпсіз арақашықтықты сақтап, бірден 112 нөміріне хабарласуға кеңес берді.
Айта кетері, Ақмола облысында жыланның екі түрі жиі кездеседі. Олар – дала сұржыланы мен сужылан. Сужылан адамға қауіп төндірмейді, ал дала сұржыланы улы болып келеді.
Көлсай - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.07.2026
Көлсайда жасөспірімді жылан шағып алды - видео
Жаңалықтар
0