Төртінші тоқсанда бюджетке түзету енгізуге тыйым салынды – Смайылов

© Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев принял председателя Высшей аудиторской палаты Алихана Смаилова
Касым-Жомарт Токаев принял председателя Высшей аудиторской палаты Алихана Смаилова - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2026
Жазылу
Ұлттық заңнамаға Жоғары аудиторлық палатаның бастамасымен бірқатар өзгеріс енгізілген
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Биылғы алғашқы жартыжылдықта сомасы 5,8 триллион теңгені құрайтын 13 ірі мемлекеттік аудит жүргізілді. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов баяндады, деп хабарлады Ақорда.
Тексеру жұмыстары жекелеген өңірлердің жергілікті атқарушы органдарын, "Проблемалық кредиттер қоры", "Аграрлық корпорация", "Қазпошта", "Ақтау теңіз порты" акционерлік қоғамдарын, денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымы мен бірқатар мемлекеттік органдарды қамтыды.
"Президентке анықталған кемшіліктерді жою нәтижесінде мемлекет бюджетіне 128 миллиард теңге қайтарылғаны жөнінде баяндалды. Үкімет пен аудит нысандарына 35 ұсыным мен 413 нұсқама жіберілд", - деп жазылған хабарламада.
Смайыловтың айтуынша, ұлттық заңнамаға Жоғары аудиторлық палатаның бастамасымен бірқатар өзгеріс енгізілген. Атап айтқанда, макроэкономикалық болжам қалыптастырудың жаңа ережесі қабылданып, мемлекет қаражатын жұмсауға қатысты қазыналық бақылау күшейтілді және төртінші тоқсанда бюджетке түзету енгізуге тыйым салынды.
Әлихан Смайыловтың баяндамасына сәйкес, биыл екінші жартыжылдықта 20 мемлекеттік аудитті аяқтау жоспарланған. Оның төртеуі мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша қолға алынған. Яғни Шымкент қаласына, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарына, сондай-ақ фармацевтикалық өнім өндірушілерді қолдау тетіктеріне тексеру жүргізіледі.
Сондай-ақ газ бен инвестиция салалары, "Жасыл даму" АҚ, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ қызметі, жекелеген ұлттық жобалар, "Ауыл – ел бесігі" жобасы және басқа да бағыттар тексеруден өтпек.
"Жаңа Құрылтаймен өзара іс-қимыл аясында 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы бағаланатын болады", - делінген хабарламада.
Президент кездесу соңында заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын енгізуге басымдық бере отырып, мемлекеттік аудит жүйесін жетілдіру жөнінде бірқатар тапсырма жүктеді.
Жаңалықтар
0