https://sputnik.kz/20260707/polsha-ukrainaga-patriot-zhuyesine-arnalgan-birneshe-zymyran-bergenin-rastady-64733036.html
Польша Украинаға Patriot жүйесіне арналған бірнеше зымыран бергенін растады
Польша Украинаға Patriot жүйесіне арналған бірнеше зымыран бергенін растады
Sputnik Қазақстан
Польша президенті кеңсесі Украинаға зымырандар берілетіні туралы алдын ала білген. 07.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-07T17:33+0500
2026-07-07T17:33+0500
2026-07-07T17:33+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/old/1275/94/12759450_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_1613cc948ffb773aaec6f3c1963bc687.jpg
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Польша Украинаға Patriot зениттік-зымыран кешеніне арналған бес-алты зымыран берген. Бұл туралы елдің ұлттық қорғаныс министрінің орынбасары Цезары Томчик мәлімдеді.Бұған дейін Польша сеймінің вице-спикері Кшиштоф Босак Варшава әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі үшін сатып алған Patriot зымырандарын Украинаға бергенін айтқан болатын. Ал Президент кеңсесі халықаралық саясат бюросының басшысы Марчин Пшидач Польша АҚШ-тан Patriot зымырандарын сатып алу кезегін Украинаға бергенін мәлімдеген.Оның айтуынша, Польша президенті кеңсесі Украинаға зымырандар берілетіні туралы алдын ала білген.Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1275/94/12759450_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_779e108a8b87b79b5e74120c3cd59901.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Польша Украинаға Patriot жүйесіне арналған бірнеше зымыран бергенін растады
Польша президенті кеңсесі Украинаға зымырандар берілетіні туралы алдын ала білген.
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Польша Украинаға Patriot зениттік-зымыран кешеніне арналған бес-алты зымыран берген. Бұл туралы елдің ұлттық қорғаныс министрінің орынбасары Цезары Томчик мәлімдеді.
Бұған дейін Польша сеймінің вице-спикері Кшиштоф Босак Варшава әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі үшін сатып алған Patriot зымырандарын Украинаға бергенін айтқан болатын. Ал Президент кеңсесі халықаралық саясат бюросының басшысы Марчин Пшидач Польша АҚШ-тан Patriot зымырандарын сатып алу кезегін Украинаға бергенін мәлімдеген.
"Patriot батареясы мен толыққанды жүйені бірнеше зымыранмен шатастырмау керек. Төрт, бес немесе алты жауынгерлік құрал – бұл кешеннің жалпы мүмкіндігінің аз ғана бөлігі", – деді Польша қорғаныс министрінің орынбасары.
Оның айтуынша, Польша президенті кеңсесі Украинаға зымырандар берілетіні туралы алдын ала білген.
"9 сәуірде Әскери қарсы барлау қызметінің директоры генерал Ярослав Стружик президент кеңсесінің басшысы Збигнев Богуцкийге 16 беттен тұратын көлемді хат жолдап, Украинаға бірнеше Patriot зымыранын беру туралы барлық мәліметті және оған қатысты қосымша ақпаратты ұсынды", – деді Томчик.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді.