Балконға ілуге болады: мемлекеттік туды пайдалануға қатысты жаңа ереже бекітілді
11:40 07.07.2026 (жаңартылды: 11:54 07.07.2026)

© Photo : Пресс-служба акима Алматы
Жазылу
Мемлекеттік туды киім, төсек-орын жабдықтары, перделер, дастархан, кілемше және өзге де жабындар ретінде пайдалануға болмайды
АЛМАТЫ, 7 шілде – Sputnik. Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік туды тұрғын және тұрғын емес ғимараттарға, соның ішінде балкондарға 45 градус бұрышта орналастыруға болады. Үкіметтің тиісті қаулысы шықты.
"Мемлекеттік туды жеке және заңды тұлғалар ғимараттарда тұрғын үйлер мен тұрғын емес үй-жайларда, оның ішінде балкондарда 45 градус бұрышпен және салтанатты іс-шаралар өткізілетін орындарда пайдалана алады", - делінген үкімет қаулысында.
Жеке тұрғын үйлерде кемінде үш метр биіктікте орналастыруға болады, бұл ретте тәуліктің қараңғы уақытында жарықтандыру міндетті емес:
ғимараттың архитектуралық немесе техникалық шектеулеріне байланысты заңды және жеке тұлғалар іргелес аумақта орналасқан жеке ту бағанына орнатуға болады;
жер бетімен, еденмен, сумен және өзге де беттермен жанасудың болмауы тиіс;
тігінен орналастырылған, бұл ретте ұлттық ою-өрнек матаның жоғарғы бөлігінде орналасуы тиіс;
жеке және заңды тұлғалар өткізетін мәдени, спорттық, қоғамдық және өзге де іс-шаралар барысында коммерциялық мақсаттарды алып тастау;
зақымдану, тозу, тесу, ластану, сөну, мыжылу белгілерінің не оның қадір-қасиеті мен символдық мәнін төмендететін өзге де ақаулардың болмауы керек;
Қазақстанның Мемлекеттік рәміздер туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, жеке және заңды тұлғаларға тиесілі көлік салонында пайдалануға болады.
Мемлекеттік туды жарнамалық мақсаттарда, сондай-ақ киім, төсек-орын жабдықтары, перделер, дастархан, кілемше және өзге де жабындар ретінде пайдалануға болмайды.
Мемлекеттік рәміздерге арналған стендке бөлінген үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) эстетикалық тұрғыдан ресімделіп, шаруашылық-тұрмыстық бөлмелерден, дәлізден және гардеробтан алыс орналастырылуға тиіс, делінген қаулыда.
Мемлекеттік рәміздерге арналған стендке бөлінген үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) эстетикалық тұрғыдан ресімделіп, шаруашылық-тұрмыстық бөлмелерден, дәлізден және гардеробтан алыс орналастырылуға тиіс, делінген қаулыда.
