Алматы облысында бірнеше елді мекенді жалғастыратын екі көпірді су шайды
13:57 07.07.2026 (жаңартылды: 18:17 07.07.2026)

© Photo : Министерство индустрии и инфраструктурного развития
Жазылу
Талғар мен Түрен өзендері арқылы өтетін көпірлер 2-3 жыл бұрын апатты деп танылған
АЛМАТЫ, 7 шілде – Sputnik. Алматы облысындағы Талғар және Түрген өзендері арқылы өтетін көпірлерді су шайды, деп хабарлайы Sputnik Қазақстан.
Осыдан 2-3 жыл бұрын бұл көпірлер апатты деп танылған. Оны пайдалануға болмайтыны туралы сараптама да шыққан. Ал осы жолы селдің суы тіпті бүлдірген. Бұл объектілерге жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алған.

"Талғар өзені арқылы өтетін көпір жобасының құны - 1 413,178 млн теңге, іске асыру ұзақтығы- 6 ай. Түрген өзені арқылы өтетін көпір 674,511 млн теңге, іске асыру ұзақтығы – 5 ай", - дейді Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі.
Биылғы жылға көпір құрылысын реконструкциялау жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру көзделген:
Талғар өзені арқылы өтетін көпір - 400 млн теңге;
Түрген өзені арқылы өтетін көпір - 200 млн теңге.
25 маусымда конкурс жеңімпаздары анықталды. Қазіргі уақытта олармен шарт жасасу кезеңі жүзеге асырылуда, дейді әкімдік.
Мердігер ұйымдармен шарт жасалғаннан кейін құрылыс-монтаж жұмыстары басталады. Ол биыл III тоқсанда жүзеге аспақ.
Мердігер ұйымдармен шарт жасалғаннан кейін құрылыс-монтаж жұмыстары басталады. Ол биыл III тоқсанда жүзеге аспақ.