https://sputnik.kz/20260706/iran-khalqy-khameneimen-qoshtasyp-zhatyr-64706974.html
Иран халқы Хаменеимен қоштасып жатыр
Иран халқы Хаменеимен қоштасып жатыр
Sputnik Қазақстан
Қоштасу рәсіміне кемінде 15 млн адам қатысады деп болжанды 06.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-06T15:26+0500
2026-07-06T15:26+0500
2026-07-06T15:33+0500
иран
https://sputnik.kz/img/07ea/07/06/64706580_0:133:1280:853_1920x0_80_0_0_92125e89c7bcd54442a1ac2a6be1d0e4.jpg
АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Тегеранда Израиль мен АҚШ-тың шабуылы кезінде қаза тапқан Иранның Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеимен қоштасу рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды РИА Новости. Билік қоштасу рәсіміне кемінде 15 миллион адам қатысады деп болжаған еді. Жиналғандардың арасында Тегеран тұрғындарымен қатар, Иранның түкпір-түкпірінен арнайы келген адамдар бар."Бізді ешкім мәжбүрлеген жоқ, мұнда өз еркімізбен келдік. Мен Хузестаннан келдім", – дейді Шейхи есімді азамат.Аятолланың денесі салынған табыт Азади алаңына жеткізілді, алаң қазірдің өзінде адамға толы, ал халық әлі жиналып жатыр. Ертең, сейсенбі күні, Кум қаласында да қоштасу рәсімі өтеді, ал 8 шілдеде Хаменеидің денесі Ирактың Бағдад, Наджаф және Кербела қалаларына жеткізіледі. Ал 9 шілдеде отанына — өзінің туған қаласы Мешхедке қайтарылып, сол жерде жерленеді.Хаменеи 28 ақпанда Тегеранға жасалған АҚШ пен Израиль соққылары кезінде қаза тапты.
https://sputnik.kz/20260301/irannyn-zhogargy-koshbasshysy-ali-khamenei-qaza-tapty-61521375.html
иран
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/06/64706580_81:0:1218:853_1920x0_80_0_0_0eeaea93c6d08030746f95ee04930230.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
иран
Иран халқы Хаменеимен қоштасып жатыр
15:26 06.07.2026 (жаңартылды: 15:33 06.07.2026) Қоштасу рәсіміне кемінде 15 млн адам қатысады деп болжанды
АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Тегеранда Израиль мен АҚШ-тың шабуылы кезінде қаза тапқан Иранның Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеимен қоштасу рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды
РИА Новости. Билік қоштасу рәсіміне кемінде 15 миллион адам қатысады деп болжаған еді. Жиналғандардың арасында Тегеран тұрғындарымен қатар, Иранның түкпір-түкпірінен арнайы келген адамдар бар.
"Бізді ешкім мәжбүрлеген жоқ, мұнда өз еркімізбен келдік. Мен Хузестаннан келдім", – дейді Шейхи есімді азамат.
Аятолланың денесі салынған табыт Азади алаңына жеткізілді, алаң қазірдің өзінде адамға толы, ал халық әлі жиналып жатыр.
Ертең, сейсенбі күні, Кум қаласында да қоштасу рәсімі өтеді, ал 8 шілдеде Хаменеидің денесі Ирактың Бағдад, Наджаф және Кербела қалаларына жеткізіледі. Ал 9 шілдеде отанына — өзінің туған қаласы Мешхедке қайтарылып, сол жерде жерленеді.
Хаменеи 28 ақпанда Тегеранға жасалған АҚШ пен Израиль соққылары кезінде қаза тапты.