https://sputnik.kz/20260706/innoprom---2026-qazaqstan-ekaterinbergutegi-khalyqaralyq-kormege-qatysyp-zhatyr-64709232.html
"Иннопром-2026": Қазақстан Екатеринбургтегі халықаралық көрмеге қатысып жатыр
"Иннопром-2026": Қазақстан Екатеринбургтегі халықаралық көрмеге қатысып жатыр
Sputnik Қазақстан
Биыл көрменің серіктес елі ретінде алғаш рет Индонезия қатысып отыр 06.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-06T17:15+0500
2026-07-06T17:15+0500
2026-07-06T17:18+0500
көрме
еаэо
https://sputnik.kz/img/07ea/07/06/64707577_0:0:1431:805_1920x0_80_0_0_1d0d03a28dee6d172fd0071176ae1e77.jpg
АЛМАТЫ, 6 шілде - Sputnik. Екатеринбургте "Иннопром" халықаралық өнеркәсіптік көрмесі ашылды. Оған Еуразия экономикалық одағына мүше елдердің үкімет басшылары қатысты. "Екатеринбург-Экспо" халықаралық көрме орталығында 6-9 шілде аралығында "Иннопром" көрмесі өтеді. Көрме экспозициясының жалпы ауданы - 50 мың шаршы метр. Мұнда жетекші өнеркәсіптік және технологиялық кәсіпорындардың инновациялық әзірлемелері мен жобалары ұсынылған.Халықаралық көрменің жұмысына Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов пен өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев бастаған делегация қатысып жатыр. Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрі "ИННОПРОМ" халықаралық өнеркәсіптік көрмесі аясында ұйымдастырылған өнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңестің 8-інші отырысын ашты. Ол өз сөзінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарына сәйкес бірлескен инновациялық жобаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.Сондай-ақ өнеркәсіптік кооперацияны қаржылай қолдау тетіктері, роботтандыру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, ортақ ақпараттық ресурстарды дамыту және өзге де өзекті мәселелер талқыланды.
https://sputnik.kz/20250708/innoprom-khalyqaralyq-kormesi-qazaqstan-qanday-quzhatqa-qol-qoydy-55481296.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/06/64707577_275:0:1418:857_1920x0_80_0_0_aa5f2dec70fb80d8a518377ec347c1cb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көрме, еаэо
"Иннопром-2026": Қазақстан Екатеринбургтегі халықаралық көрмеге қатысып жатыр
17:15 06.07.2026 (жаңартылды: 17:18 06.07.2026) Биыл көрменің серіктес елі ретінде алғаш рет Индонезия қатысып отыр
АЛМАТЫ, 6 шілде - Sputnik. Екатеринбургте "Иннопром" халықаралық өнеркәсіптік көрмесі ашылды. Оған Еуразия экономикалық одағына мүше елдердің үкімет басшылары қатысты.
"Екатеринбург-Экспо" халықаралық көрме орталығында 6-9 шілде аралығында "Иннопром" көрмесі өтеді. Көрме экспозициясының жалпы ауданы - 50 мың шаршы метр. Мұнда жетекші өнеркәсіптік және технологиялық кәсіпорындардың инновациялық әзірлемелері мен жобалары ұсынылған.
Халықаралық көрменің жұмысына Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов пен өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев бастаған делегация қатысып жатыр.
Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрі "ИННОПРОМ" халықаралық өнеркәсіптік көрмесі аясында ұйымдастырылған өнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңестің 8-інші отырысын ашты. Ол өз сөзінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарына сәйкес бірлескен инновациялық жобаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ өнеркәсіптік кооперацияны қаржылай қолдау тетіктері, роботтандыру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, ортақ ақпараттық ресурстарды дамыту және өзге де өзекті мәселелер талқыланды.