https://sputnik.kz/20260706/astana-kunin-elordalyqtar-qalay-zhane-qay-zherde-toylap-zhatyr-64705461.html
Астана күнін елордалықтар қалай және қай жерде тойлап жатыр
Астана күнін елордалықтар қалай және қай жерде тойлап жатыр
Sputnik Қазақстан
Бағдарлама аясында бірқатар спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды 06.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-06T14:30+0500
2026-07-06T14:30+0500
2026-07-06T14:30+0500
астана күні
мереке
тұрғындар
https://sputnik.kz/img/07ea/07/06/64704016_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_494e4bb9b3c15f81345df09f0d92b61a.jpg
АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Астана күні мерекесіне орай елордада ауқымды мәдени-көпшілік бағдарлама бастау алды. Оның аясында концерттер, спорттық жарыстар, фестивальдер, отбасылық іс-шаралар және жаңа қоғамдық кеңістіктердің ашылуы өтіп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Сағат 11:00-ден бастап Байқоңыр ауданындағы Өндіріс және Кірпішті тұрғын алаптарында, Есіл ауданындағы Пригородный тұрғын алабында, Нұра ауданындағы "Айғыржал" саябағында, Сарайшық ауданындағы Өнеркәсіп тұрғын алабында және Сарыарқа ауданындағы "Қорғалжын" саябағында мерекелік концерттер өтіп жатыр. Бағдарлама аясында бірқатар спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. "Триатлон" саябағында жасөспірімдер арасында күрес түрлерінен фестиваль басталды.Астана күніне орай ұйымдастырылған шаралар кешке дейін жалғасын табады, дейді әкімдік. Орталық саябақта қонақтарға арт-нысандар көрмесі, стрит-арт аймағы, экологиялық ойындар, қолөнер және шығармашылық шеберлік сабақтары, балаларға арналған интерактивті алаңдар ұсынылатын "Мерекелік саябақ" фестивалі жалғасады."Астана Арена" стадионының екінші автотұрақ аумағында сағат 12:00-ден бастап сауда қатарлары, қолөнершілер жәрмеңкесі, фуд-корт және балаларға арналған ойын-сауық алаңдары жұмысын бастайды.Көрермендерге цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект элементтері қолданылған заманауи мультимедиялық шоу ұсынылады.
https://sputnik.kz/20260706/aqtauda-500-dombyrashy-bir-mezette-ataqty-kuylerdi-oryndady-64702520.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/06/64704016_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_cbbc060ba2b631275d45b2e00fa2dfd5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана күні, мереке, тұрғындар
астана күні, мереке, тұрғындар
Астана күнін елордалықтар қалай және қай жерде тойлап жатыр
Бағдарлама аясында бірқатар спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды
АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Астана күні мерекесіне орай елордада ауқымды мәдени-көпшілік бағдарлама бастау алды. Оның аясында концерттер, спорттық жарыстар, фестивальдер, отбасылық іс-шаралар және жаңа қоғамдық кеңістіктердің ашылуы өтіп жатыр, деп хабарлайды
қала әкімдігінің ресми сайты.
Сағат 11:00-ден бастап Байқоңыр ауданындағы Өндіріс және Кірпішті тұрғын алаптарында, Есіл ауданындағы Пригородный тұрғын алабында, Нұра ауданындағы "Айғыржал" саябағында, Сарайшық ауданындағы Өнеркәсіп тұрғын алабында және Сарыарқа ауданындағы "Қорғалжын" саябағында мерекелік концерттер өтіп жатыр.
Бағдарлама аясында бірқатар спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. "Триатлон" саябағында жасөспірімдер арасында күрес түрлерінен фестиваль басталды.
"Қатысушылар грэпплинг, дзюдо, джиу-джитсу, еркін күрес, грек-рим күресі және қазақ күресі бойынша бақ сынап жатыр. Бұдан бөлек, бүгін Сарайшық ауданында "Халық қатысатын бюджет" жобасы аясында абаттандырылған Байтұрсынұлы көшесіндегі 17 және 19-үйлердің аулалары салтанатты түрде ашылды", - делінген хабарламада.
Астана күніне орай ұйымдастырылған шаралар кешке дейін жалғасын табады, дейді әкімдік. Орталық саябақта қонақтарға арт-нысандар көрмесі, стрит-арт аймағы, экологиялық ойындар, қолөнер және шығармашылық шеберлік сабақтары, балаларға арналған интерактивті алаңдар ұсынылатын "Мерекелік саябақ" фестивалі жалғасады.
"Астана Арена" стадионының екінші автотұрақ аумағында сағат 12:00-ден бастап сауда қатарлары, қолөнершілер жәрмеңкесі, фуд-корт және балаларға арналған ойын-сауық алаңдары жұмысын бастайды.
"Мерекелік бағдарлама кешкі сағат 18:00-де "Астана Арена" стадионының алдындағы алаңда және "Қазақ елі" монументі алаңында өтетін қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен ашық аспан астындағы ауқымды концерттермен қорытындыланады" - деп хабарлайды әкімдік.
Көрермендерге цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект элементтері қолданылған заманауи мультимедиялық шоу ұсынылады.