Алдағы күндері Қазақстанда 40 градус ыстық болады
15:57 06.07.2026 (жаңартылды: 15:59 06.07.2026)

Жазылу
Синоптиктер қатты ыстық болатынын ескертіп отыр
АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Алдағы күндері Қазақстанда 40 градус ыстық болады, деп болжайды Қазгидромет.
Синоптиктердің хабарлауынша, 7-9 шілде аралығында Қазақстанда құбылмалы ауа райы сақталады.
7-9 шілде аралығында елдің батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында, 7 және 8 шілдеде солтүстікте, 7 шілдеде – орталық және шығыс облыстарда, 8 шілдеде батыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Батыс, оңтүстік және шығыс аймақтарда жел күшейеді деп болжанып отыр.
Синоптиктер қатты ыстық болатынын ескертті. Республиканың солтүстік-батысы мен орталығында ауа температурасы +35, +39 градусқа дейін ысиды. Кейбір аймақтарда температура +41 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстікте температура +35-38 градус шамасында болады. Елдің қалған бөлігінде температураның айтарлықтай өзгеруі күтілмейді.