Жілік сындырудан республикалық чемпионаттың жеңімпаздары анықталды

© Photo : Астана қаласының әкімдігіЖілік сындырудан республикалық чемпионаттың жеңімпаздары анықталды
Жілік сындырудан республикалық чемпионаттың жеңімпаздары анықталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2026
Жазылу
Чемпионатқа үш облыс пен төтенше жағдайлар министрлігінің командасы қатысты
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Астанада қала күніне орай жілік сындырудан республикалық чемпионат өтті , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
© Photo : Астана қаласының әкімдігіЖілік сындырудан республикалық чемпионаттың жеңімпаздары анықталды
Жілік сындырудан республикалық чемпионаттың жеңімпаздары анықталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2026
Жілік сындырудан республикалық чемпионаттың жеңімпаздары анықталды
Чемпионатқа үш облыс пен төтенше жағдайлар министрлігінің командасы қатысты. 18-37 жас аралығы жарыс нәтижесі:
1 орын - төтенше жағдайлар министрлігі;
2-орын Ақмола облысы;
3-орын - Солтүстік Қазақстан облысы.
38-49 жас аралығындағы жарыс:
1-орынды Ақмола облысы;
2-орын - Солтүстік Қазақстан облысы;
3-орын - Павлодар облысы.
Сондай-ақ, 50-61 жас аралығындағы жарыста СҚО, Ақмола, Павлодар облыстары, ал 62 жастан жоғары қатысушылар арасында Павлодар, СҚО, Ақмола облыстарының қатысушылары жеңіс тұғырынан көрінді.
© Photo : Астана қаласының әкімдігіЖілік сындырудан республикалық чемпионаттың жеңімпаздары анықталды
Жілік сындырудан республикалық чемпионаттың жеңімпаздары анықталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2026
Жілік сындырудан республикалық чемпионаттың жеңімпаздары анықталды
"Әдетте қой сүйектерінің ішінде ұрып сындыруға домалақ жілігі оңтайлы. Тай сүйектерінің ішінде жіліншік алынады. Ұрудың да әдісі бар: көлденеңнен емес, ұзыннан ұрған ұтымды. Бүгінгі жарыста сол машықтың бәрін меңгерген мықты жігіттер бақ сынады. Олар жылқы малының ортан және тоқпан жілігін сындырып, күшін көрсетті",– дейді "Мықты білек" ұлттық ойыны қоғамдық бірлестігінің төрағасы Хамза Шубаев.
Чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы дипломдар және сыйлықтар табысталды.
Азамат Даулетбеков - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2026
"Қазақстан спорты үшін тарихи оқиға": күрестен әлем чемпионаты 2026 жылы Астанада өтеді
Жаңалықтар
0