Тоқаев Алжир президенті мен халқын тәуелсіздік күнімен құттықтады

© Photo : Президенттің баспасөз қызметіТоқаев Алжир президенті мен халқын тәуелсіздік күнімен құттықтады
Тоқаев Алжир президенті мен халқын тәуелсіздік күнімен құттықтады - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2026
Жазылу
Мемлекет басшысы Әбделмәжид Теббунға құттықтау жеделхатын жолдады
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун мен оның отандастарын Алжирдің Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
"Біз Алжирді араб әлеміндегі сенімді серіктестеріміздің бірі деп қарастырамыз. Берік достық пен өзара түсіністікке негізделген қазақ-алжир қарым-қатынастары халықтарымыздың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенімдімін", - деп жазылған жеделхатта.
Тоқаев Әбделмәжид Теббунның жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Алжир халқына құт-береке тіледі.
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2025
Тоқаевты бірнеше елдің басшысы құттықтады
Жаңалықтар
0