Қазақстанда қай жерде домбыраға қойылған ескерткіштер бар

© Photo : Астана қаласының әкімдігіДомбыра, Астана
Домбыра, Астана - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2026
Жазылу
Шілде айының алғашқы жексенбісі "Домбыра" күні аталып өтеді
АСТАНА, 30 маусым - Sputnik. Қазақстанда 2018 жылы 13 маусымда "Домбыра күні" мерекесін белгілеу туралы ресми шешім қабылданды. Сол жылдан бері шілде айының алғашқы жексенбісі "Домбыра" күні аталып өтеді. Биыл мерекелік күн 5 шілдеге тура келіп тұр. Қазақстанда қай жерде домбыраның мүсіні бар, Sputnik Қазақстанмен бірге саяхат жасап көріңіз.

Атыраудағы "Абдолла домбырасы"

Атырау облысы Индер ауданында өңірдің мәдени мұрасын дәріптеуге бағытталған жаңа нысан – "Абдолла домбырасы" монументі пайдалануға берілді. Монумент Индербор кентіндегі "Арбат" демалыс саябағында орнатылған.
© Photo : Атырау облысының әкімдігіДомбыра ескерткіші, Атырау
Домбыра мүсіні, Атырау - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2026
Домбыра ескерткіші, Атырау
Жаңа мәдени нысан қазақтың көрнекті күйші-композиторы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Индер ауданының тумасы Абдолла Мусағалиевтің есімін ұлықтау мақсатында бой көтерді. Металл конструкциядан жасалған монументтің жалпы ұзындығы 7,5 метр. Монументке Абдолла Мусағалиевтің есімімен қатар, 1958 жылы Қазақстан әдебиеті мен өнерінің Мәскеудегі онкүндігіне қатысқан индерлік өнерпаздардың есімдері де қашалып жазылған.

Абай облысындағы домбыраға қойылған ескерткіш

2018 жылы шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып жарияланған жылы Абай облысында домбыраға ескерткіш орнатылды. Мүсін Жарма ауданының орталығы Қалбатау ауылы Достық көшесі бойына орталықта орналасқан, биіктігі 7 метр. Емен ағаштың ортасын жарып шыққан домбыра, ескерткіштің авторы - Нұрбол Қалиев.
© Photo : Абай облысының әкімдігіДомбыра ескерткіші - Абай облысы, Жарма ауданы
Домбыра мүсіні - Абай облысы, Жарма ауданы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2026
Домбыра ескерткіші - Абай облысы, Жарма ауданы

Астанадағы домбыраға қойылған ескерткіш

Астанада да қасиетті домбыраға бірнеше ескерткіш қойылған.
© Photo : Астана қаласының әкімдігіДомбыра ескерткіші, Астана
Домбыра мүсіні, Астана - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2026
Домбыра ескерткіші, Астана
Бұл Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Сүгір, сондай-ақ, Тәттімбет пен Динадай атақты күйшілердің өнерін жеткізген халқымыздың ұлттық аспабының құрметіне жасалған.
© Sputnik . Айдана ДайыроваДомбыра ескерткіші
Домбыра мүсіні - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2026
Домбыра ескерткіші
Табиғаттың сыбырын, тұлпардың дүбірін, тіпті халықтың қилы тағдырын да айнытпай шанағынан төгілткен қасиетті көне аспаптың бүгінде көмейінен төгілген 5000-нан астам күйі бар.
© Sputnik . Арман АсқарАстанадағы домбыраға қойылған ескерткіш
Астанадағы домбыраға қойылған ескерткіш - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2026
Астанадағы домбыраға қойылған ескерткіш

Батыс Қазақстандағы домбыраға қойылған ескерткіш

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жалпақтал ауылында К.Мендалиев және Ғ.Молдашев мектебінің 2024 жылы бітірген түлектері "Алтын домбыра" композициясын тарту етті. Құны 13 000 000 теңге.
© Photo : Батыс қазақстан облысының әкімдігіДомбыра, Батыс Қазақстан
Домбыра, Батыс Қазақстан - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2026
Домбыра, Батыс Қазақстан

Ақтөбе қаласындағы домбыраға қойылған ескерткіш

Ақтөбе қаласында Әлия Молдағұлова даңғылы мен Әбілқайыр хан даңғылының қиылысында орналасқан ескерткіш шын мәнінде ерекше. Оны қарапайым ұста Қуатбек Еcжанов жасап шығарған.
"Бірнеше нұсқасы жасалды. Соңында осы нұсқасы қабылданды. Ескерткіштің биіктігі — 6,30 метр, ені — 1,40 метр, шанағы — 2,5 метр, ал мойыны 4 метрдей. 12 перне, қос ішек қылып жасадық. Үкісін тағып қойдық. Музыкалық аспаптың барлық заңдылықтарын сақтауға тырыстық", — дейді автор.
© Photo : Ақтөбе қаласының әкімдігіДомбыра, Ақтөбе
Домбыра, Ақтөбе - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2026
Домбыра, Ақтөбе

Қызылорда облысындағы домбыраға қойылған ескерткіштер

Қызылорда облысында домбыраға арналған екі ескерткіш бар. Бірі облыс орталығындағы "Сыр сүлейлері" аллеясында орналасқан. Онда қобыз бен домбыра бейнесіне қосақталған қалам мен найза орнатылған. Ескерткіштің авторлары — А.Кененбаев, М.Сыдықов және С. Мәкібаев.
© Photo : Қызылорда қаласының әкімдігіДомбыра, Қызылорда
Домбыра, Қызылорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2026
Домбыра, Қызылорда
Сондай-ақ Қызылорда облысы Шиелі ауданында да домбыраның ескерткіші бар. Бұл ескерткіш былтыр наурыз бен сәуір айларында қойылған. Домбыра қойылған аллея жалпы 80 млн теңгеге салынған, ал домбыра сол аллеяның көрік беріп тұратын бір бейнесі.
© Sputnik . Айдана ДайыроваДомбыра, Қызылорда облысы, Шиелі
Домбыра, Қызылорда облысы, Шиелі - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2026
Домбыра, Қызылорда облысы, Шиелі

Шымкент қаласындағы домбыраға қойылған ескерткіш

Ұлттық аспапты ұлықтау мақсатында "Түркістан" сарайының алаңында домбыраға арнап ескерткіш орнатылған. Авторы — Шымкент қаласының суретшілер одағы. Туындының биіктігі 7,5 метр, ені 1,5 метр. Ескерткіштің бір ерекшелігі - жанына жақындаған кезде қазақтың күйі орындалады.
© Sputnik . Айдана ДайыроваДомбыра, Шымкент
Домбыра, Шымкент - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2026
Домбыра, Шымкент

Маңғыстау облысындағы домбыраға қойылған ескерткіш

2024 жылғы 12 қарашада келісімшарт жасалып, Жаңаөзен қаласында "Домбыра" ескерткіші орнатылды. Жобаның авторы – Сәми Әділет, ал мердігер ұйым – "Оразова" жеке кәсіпкерлігі.
Шағын сәулет нысаны қала тұрғындары мен қонақтары үшін тартымды демалыс және фотосурет аймағына айналып, өңірдің визиттік картасы ретінде қалыптасты.
© Sputnik . Айдана ДайыроваДомбыра, Жаңаөзен
Домбыра, Жаңаөзен - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2026
Домбыра, Жаңаөзен

Түркістан облысындағы домбыраға қойылған ескерткіш

Түркістан облысында домбыраға арналып қойылған үш ескерткіш бар, үшеуі үш ауданда орналасқан.
© Photo : Түркістан облысының әкімдігіДомбыра мүсіні, Түркістан облысы
Домбыра мүсіні, Түркістан облысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2026
Домбыра мүсіні, Түркістан облысы
Төле би ауданындағы домбыраның ескерткішін "Нұрдәулет" жеке кәсіпкерлігі 2019 жылы 27 маусымда салған. Биіктігі 1.40см, ені 1.20×1.20
Бұл аудандағы "Алтын домбыра" монументі 2015 жылы Отырар ауданының 80 жылдығы қарсаңында орнатылған. Айта кетейік, ауданда 2010 жылы "Қобыз-Домбыра" композициялық кешені салынған.
© Sputnik . Айдана ДайыроваДомбыра мүсіні, Түркістан облысы, Отырар
Домбыра мүсіні, Түркістан облысы, Отырар - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2026
Домбыра мүсіні, Түркістан облысы, Отырар
"Қобыз-Домбыра" кешені Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылының кіре-берісіне орнатылған. Кешеннің ашылуы 2010 жылы Отырар ауданының құрылғанына 75 жыл мерекелік шарасы барысында ашылған. Кешенде домбыра мен қобыздың үйлесімді композициялық монументі, Отырар ауданының картасы мен тарихи-мәдени орындардың жолбағдары және аудан орталығы - "Шәуілдір" атауы жазылған.
© Sputnik . Айдана ДайыроваДомбыра, Отырар ауданы
Домбыра, Отырар ауданы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2026
Домбыра, Отырар ауданы
"Алтын домыра" монументі. Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында орналасқан. 2015 жылдың қазан айында Отырар ауданының құрылғанына, Қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 80 жыл толуына орай монумент орнатылған. Монументтің биіктігі 20 метр. Мунумент алтын домбыра эскизінде жасалып, тұғырдың орта беліне Әнұранның қайырмасы жазылған.
© Sputnik . Айдана ДайыроваДомбыра, Отырар ауданы
Домбыра, Отырар ауданы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2026
Домбыра, Отырар ауданы
Созақ ауданы Шолаққорған ауылы С. Қожанов атындағы Созақ аудандық тарихи-өлкетану музейінің жанында орналасқан "Күй құдіреті" монументі 2011 жылдың соңында бой көтерген. Биіктігі 7 метрді құрайтын сәулеттік туынды тасқа қашалып жасалған домбыра, қобыз және кітап бейнелерінен тұрады. Монументке қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің "Созаққа барсаң күйшімін деме…" деген қанатты сөзі қашалып жазылған. Сонымен қатар жанындағы гранит тақтаға ауданның мерейін асқақтатып, елге танылған Созақ өңірінен шыққан 18 тұлғаның есімдері бедерленген.
© Sputnik . Айдана ДайыроваДомбыра мүсіні, Түркістан облысы, Отырар
Домбыра мүсіні, Түркістан облысы, Отырар - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2026
Домбыра мүсіні, Түркістан облысы, Отырар

Қарағанды облысындағы домбыраға қойылған ескерткіш

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылындағы домбыра монументі бар. Монумент — өңірдің мәдени-рухани өміріндегі маңызды нысандардың бірі. Монументтің биіктігі — 12 метр, алып жатқан аумағы 80 шаршы метрді құрайды.
Бұл ескерткіш 2018 жылы Ақтоғай ауданының 90 жылдығына орай ашылған және салтанатты түрде лентасы қиылып, жергілікті "Алаш алаңы" алаңында ел назарына ұсынылды. Ескерткіштің авторлары - Сембіғали Смағулов, Салтанат Әбеуова.
© Sputnik . Айдана ДайыроваДомбыра, Қарағанды облысы
Домбыра, Қарағанды облысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2026
Домбыра, Қарағанды облысы

Алматыда домбыра тәрізді субұрқақ бар

Ол Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының жанында салынған. Бұл Қазақстан бойынша ұлттық музыкалық аспапқа арналған алғашқы субұрқақ, ұзындығы — 10,25 метр, ені - 2,85 метр. Жобаның авторлары - Н. Қаныбеков пен Н. Қуанышбеков.
© Sputnik . Ертай СарбасовАлматыдағы домбыра фонтаны
Алматыдағы домбыра фонтаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2026
Алматыдағы домбыра фонтаны
Қарағандыда жаңа туған балаларға домбыра сыйға тартылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.07.2025
Қарағандыда жаңа туған балаларға домбыра сыйға тартылды
Жаңалықтар
0