Тіркелмеген дәрілік заттарды сатқандарға 23 млн теңге айыппұл салынды

Дәріхана - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2026
Жазылу
Ең көп бұзушылық Алматы қаласында тіркелген
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың заңсыз айналымына қарсы жұмыстар аясында 2026 жылдың басынан бері 56 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 23 млн теңгеге айыппұл салынған, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
"Ең көп бұзушылық Алматы қаласында тіркелген. Мұнда жыл басынан бері 15 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынған. Тексеру барысында тіркелмеген дәрілердің 17 атауы бойынша 49 қаптама анықталып, бір іс сотқа жіберілген", - деп жазылған хабарламада.
Маңғыстау облысында азаматтардың шағымы негізінде Ақтау қаласында жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру барысында дәрілерді лицензиясыз сату және оларды әлеуметтік желілерде жарнамалау фактілері анықталды. Нәтижесінде 16 түрлі тіркелмеген дәрінің 219 қаптамасы (жалпы құны 2,5 млн теңгеден астам) тәркіленді. Сот шешімімен айыппұл салынып, өнім жойылды және қызметі уақытша тоқтатылды.
Жалпы алғанда бақылау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Мысалы, 2025 жылы 162 әкімшілік хаттама толтырылып, 77 млн теңге айыппұл салынған.
Сонымен қатар интернет арқылы заңсыз дәрі сату фактілеріне де бақылау күшейтілген. 2025 жылы 20-дан астам заңсыз контент жойылды, ал 2026 жылы 128 интернет-ресурсқа шектеу қою жұмыстары басталды.
Дәріхана - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2026
Елде тегін препараттарды дәріханаларда қайта сатудың 25 мыңнан астам жағдайы тіркелді
Жаңалықтар
0