https://sputnik.kz/20260704/shygys-qazaqstanda-17-zhastagy-shakhmatshy-khalyqaralyq-grossmeyster-atandy-64685033.html
Шығыс Қазақстанда 17 жастағы шахматшы халықаралық гроссмейстер атанды
Шығыс Қазақстанда 17 жастағы шахматшы халықаралық гроссмейстер атанды
Sputnik Қазақстан
Ол 15 жасында Қазақстан Республикасының ең жас еңбек сіңірген спорт шебері атағын алған 04.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-04T19:46+0500
2026-07-04T19:46+0500
2026-07-04T19:47+0500
шығыс қазақстан
шахмат
халықаралық емтихан
https://sputnik.kz/img/07ea/07/04/64684721_0:45:576:369_1920x0_80_0_0_a157c7f1fad3bc46c3226ba0cb2e245f.jpg
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының 17 жастағы шахматшысы Алдияр Ансат халықаралық гроссмейстер атағын алды, деп хабарлады облыстық әкімдік.Ол үшін Алдияр Ансат Aktobe Open халықаралық турнирінде рейтингін 2500 ұпайдан асырып, барлық нормативті толық орындады.Оның спорттық жолындағы айтулы жетістіктердің бірі – 10 жасында Қазақстан чемпионатында бірден екі жас санатында топ жаруы, дейді әкімдікте.Алдияр 12 жасқа дейінгі және 14 жасқа дейінгі спортшылар арасында алтын медаль жеңіп алып, ел шахматы тарихындағы бірегей жетістікке қол жеткізді. 15 жасында ол ересектер арасындағы Қазақстан чемпионы атанып, өзінің жоғары шеберлігі мен зор әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.
https://sputnik.kz/20260629/bibisara-asaubaevaga-prezident-atynan-memlekettik-nagrada-tabystaldy-64540948.html
шығыс қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/04/64684721_0:144:576:576_1920x0_80_0_0_94480328fd7a054088ed98f8ed4b55a2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шығыс қазақстан, шахмат, халықаралық емтихан
шығыс қазақстан, шахмат, халықаралық емтихан
Шығыс Қазақстанда 17 жастағы шахматшы халықаралық гроссмейстер атанды
19:46 04.07.2026 (жаңартылды: 19:47 04.07.2026) Ол 15 жасында Қазақстан Республикасының ең жас еңбек сіңірген спорт шебері атағын алған
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының 17 жастағы шахматшысы Алдияр Ансат халықаралық гроссмейстер атағын алды, деп хабарлады облыстық әкімдік.
Ол үшін Алдияр Ансат Aktobe Open халықаралық турнирінде рейтингін 2500 ұпайдан асырып, барлық нормативті толық орындады.
"Алдияр Ансат – Қазақстанның талантты жас шахматшыларының бірі. Ол алты жасында елдегі ең жас спорт шеберлігіне кандидат атанса, 11 жасында – ең жас FIDE шебері, 13 жасында – халықаралық шебер, ал 15 жасында Қазақстан Республикасының ең жас еңбек сіңірген спорт шебері атағын алды", - деп жазылған хабарламада.
Оның спорттық жолындағы айтулы жетістіктердің бірі – 10 жасында Қазақстан чемпионатында бірден екі жас санатында топ жаруы, дейді әкімдікте.
Алдияр 12 жасқа дейінгі және 14 жасқа дейінгі спортшылар арасында алтын медаль жеңіп алып, ел шахматы тарихындағы бірегей жетістікке қол жеткізді. 15 жасында ол ересектер арасындағы Қазақстан чемпионы атанып, өзінің жоғары шеберлігі мен зор әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.