Абай облысында қуаты 700 Мегаватт болатын электр станциясының құрылысы басталды

© Пресс-служба акима Абайской областиВ Курчатове началось строительство конденсационной электростанции
В Курчатове началось строительство конденсационной электростанции - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2026
Жазылу
Жалпы инвестиция көлемі – 881 миллиард теңге
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Абай облысындағы Курчатов қаласында қуаты 700 Мегаватт болатын жаңа конденсациялық электр станциясының (КЭС) іргетасын қалау рәсімі өтті, деп хабарлады өңір әкімдігі.
"Курчатов" КЭС жобасы – еліміздің энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға, өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға және инвестициялық тартымдылығын күшейтуге бағытталған ірі стратегиялық бастама", - деп жазылған хабарламада.
Жобаны іске асыру мерзімі 2026–2032 жылдарға жоспарланған. Жалпы инвестиция көлемі – 881 миллиард теңге. Станция толық пайдалануға берілгеннен кейін жылына 5 миллиард кВт·сағатқа дейін электр энергиясын өндіреді.
Жобаның әлеуметтік маңызы да зор. Құрылыс кезеңінде 5 мыңға дейін адам жұмыспен қамтылса, станция іске қосылғаннан кейін 400 тұрақты жұмыс орны ашылады. Бұл Курчатов қаласы мен жалпы Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді.
Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген аймақ басшысы бұл жоба еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған маңызды бастама екенін атап өтті.
Қазіргі уақытта Ертіс өзеніндегі Шүлбі су электр станциясы 702 МВт орнатылған қуатымен республиканың негізгі гидроэнергетикалық нысандарының бірі саналады. Алайда гидроэнергетика су ресурстарының көлеміне тәуелді болғандықтан, елдің энергетикалық жүйесінің сенімділігі үшін генерация көздерін әртараптандыру маңызды. Осы бағытта Абай облысында бірнеше ірі энергетикалық жоба қатар жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, қуаты 350 МВт болатын Семей су электр станциясының құрылысы жоспарланған. Сонымен қатар Шүлбі су электр станциясының екінші кезеңі іске асырылып, оның қуаты 702 МВт-тан 1050 МВт-қа дейін ұлғайтылады. Бұдан бөлек, Семей қаласында қуаттылығы 360 МВт болатын ЖЭО-3 салу жоспарланып отыр.
Премьер Казахстана Олжас Бектенов посетил ТЭЦ-3 в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2026
Үш жылу электр орталығы салынады – Тоқаев нақты мерзімін белгіледі
Жаңалықтар
0