Жаңбыр, бұршақ, жел: синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

© Sputnik/Ертай СарбасовВесна в Алматы
Весна в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2026
Жазылу
4-6 шілде аралығында ел аумағында ауа райы қолайсыз болады
АЛМАТЫ, 3 шілде – Sputnik. "Қазгидромет" алдағы үш күнге жасалған ауа райы болжамын жариялады.
4-6 шілде аралығында ел аумағында ауа райы қолайсыз болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Синоптиктердің мәліметінше, үш күн бойы солтүстікте, 4 шілдеде солтүстік-батыста, 4-5 шілдеде оңтүстік-шығыста және орталықта, 5-6 шілдеде шығыста нөсер жауын жауады.
"Сонымен қатар республика бойынша қатты жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, ал солтүстікте түнгі және таңғы уақыттарда тұман болады", - деп жазылған хабарламада.
Үш күннен кейін көптеген өңірде ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. 5-6 шілдеде батыс және орталық аймақтарда күн 35-39°C-қа дейін, оңтүстік-батыста 40°C-қа дейін, солтүстік-батыста 35°C-қа дейін ысиды.
Астанада ауа температурасы рекордтық деңгейге жетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2026
85 жыл бұрын болған: Астанада ауа температурасы рекордтық деңгейге жетті
Жаңалықтар
0