"Туыстары күдіктенген": полицейлер алаяқтардың арбауына түскен әйелді құтқарып қалды

© Sputnik / Владислав ВодневСЭЗ_предприятия
СЭЗ_предприятия - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2026
Жазылу
Жәбірленуші 7 миллион теңге болатын пәтерін сату жөнінде келісім жасап қойғаны белгілі болды
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Қостанай облысында полиция қызметкерлері Рудный қаласының 54 жастағы тұрғынын интернет-алаяқтардан дер кезінде құтқарып қалды, деп хабарлайды ІІМ ведомстволық сайты.
Алдын ала мәлімет бойынша, әйелге жеткізу қызметінен хабарласып тұрмыз деп белгісіз адамдар қоңырау шалған. Олар сәлемдемені рәсімдейміз деген сылтауымен SMS арқылы келген құпия кодты айтуға көндірген.
Осыдан кейін алаяқтар бірнеше күн бойы әйелмен байланыста болып, түрлі психологиялық қысым тәсілдерін қолданған.
"Алаяқтардың ықпалына түскен әйел туыстарымен байланысын үзіп, үйден шықпай, болған жағдайды ешкімге айтпаған. Оның мұндай әрекеті жақындарының күдігін туғызып, олар полицияға жүгінген", - деп жазылған хабарламада.
Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер әйелдің орналасқан жерін анықтады. Сол кезде оның алаяқтардың нұсқауымен құны шамамен 7 миллион теңге болатын пәтерін сату жөнінде келісім жасап қойғаны белгілі болды.
Полицияның уақтылы араласуының арқасында мәміле тоқтатылып, тұрғынның мүлкі өзінде қалды.
Забота - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2026
Қарағандыда алаяқ бір-біріне жақын тұратын зейнеткерлерді алдап кеткен
Жаңалықтар
0