https://sputnik.kz/20260703/turkiya-syrtqy-ister-ministri-erdogannyn-zholdauyn-putinge-zhetkizdim-64636149.html
Түркия сыртқы істер министрі: Ердоғанның жолдауын Путинге жеткіздім
Түркия сыртқы істер министрі: Ердоғанның жолдауын Путинге жеткіздім
Sputnik Қазақстан
Хакан Фидан Путинмен кездесуде Украинадағы жағдай мен өңірлік мәселелер талқыланғанын айтты 03.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-03T08:50+0500
2026-07-03T08:50+0500
2026-07-03T08:50+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/06/02/54186735_0:0:3222:1813_1920x0_80_0_0_05166470ee88e8407bf871f7c8deb8e3.jpg
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Түркия сыртқы істер министрі Хакан Фидан Қазан қаласында Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен кезде оған Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның жолдауын жеткізгенін мәлімдеді.Путин мен Фидан 17 маусымда Қазанда өткен Ресей – АСЕАН саммиті аясында кездесті.Министрдің сөзінше, Түркия Ресеймен тікелей диалогты сақтауды өте маңызды деп санайды. Сондықтан екі ел басшылары халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасуды жалғастырып келеді. Оның айтуынша, мұндай кездесулер Анкараға тараптардың ұстанымын жақсырақ түсінуге және дипломатиялық келіссөздерге ықпал етуге мүмкіндік береді.Фидан сондай-ақ Путинмен келіссөз барысында Ресей басшысынан Украинадағы қақтығысты реттеуге қатысты, соның ішінде Анкоридждегі келіссөздерде қол жеткізілген уағдаластықтар жөнінде маңызды мәліметтер алғанын айтты.Еске сала кетейік, 2025 жылғы 15 тамызда АҚШ-тың Анкоридж қаласында Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп кездесіп, Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу мәселесін талқылаған болатын. Кездесу қорытындысын екі тарап та оң бағалады. Путин қақтығысты толық аяқтауға мүмкіндік бар екенін айтып, Ресей ұзақ мерзімді әрі тұрақты бейбіт келісімге мүдделі екенін мәлімдеген.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/02/54186735_0:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_6994c7ca509ceded282424c91f6252cb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Түркия сыртқы істер министрі: Ердоғанның жолдауын Путинге жеткіздім
Хакан Фидан Путинмен кездесуде Украинадағы жағдай мен өңірлік мәселелер талқыланғанын айтты
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Түркия сыртқы істер министрі Хакан Фидан Қазан қаласында Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен кезде оған Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның жолдауын жеткізгенін мәлімдеді.
Путин мен Фидан 17 маусымда Қазанда өткен Ресей – АСЕАН саммиті аясында кездесті.
"Мен (Ердоғанның Путинге жолдаған) жолдауды жеткіздім. Оның ішінде Украинадағы жағдай мен басқа да өңірлік мәселелерге қатысты мәселелер болды", – деді Хакан Фидан CNN Türk телеарнасына берген сұхбатында.
Министрдің сөзінше, Түркия Ресеймен тікелей диалогты сақтауды өте маңызды деп санайды. Сондықтан екі ел басшылары халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасуды жалғастырып келеді. Оның айтуынша, мұндай кездесулер Анкараға тараптардың ұстанымын жақсырақ түсінуге және дипломатиялық келіссөздерге ықпал етуге мүмкіндік береді.
Фидан сондай-ақ Путинмен келіссөз барысында Ресей басшысынан Украинадағы қақтығысты реттеуге қатысты, соның ішінде Анкоридждегі келіссөздерде қол жеткізілген уағдаластықтар жөнінде маңызды мәліметтер алғанын айтты.
"Біз үшін Путиннің Украина мәселесіне қатысты ұстанымын өз аузынан есту маңызды болды. Сондай-ақ Анкориджде қол жеткізілген келісімдерге қатысты да оның пікірін тыңдап, тиісті мәліметтер алдық", – деді Фидан.
Еске сала кетейік, 2025 жылғы 15 тамызда АҚШ-тың Анкоридж қаласында Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп кездесіп, Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу мәселесін талқылаған болатын. Кездесу қорытындысын екі тарап та оң бағалады. Путин қақтығысты толық аяқтауға мүмкіндік бар екенін айтып, Ресей ұзақ мерзімді әрі тұрақты бейбіт келісімге мүдделі екенін мәлімдеген.