Тоқаев Лукашенконы Беларусьтің Тәуелсіздік күнімен құттықтады

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуҚазақстан мен Беларусь президенттері
Қазақстан мен Беларусь президенттері - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2026
Жазылу
Қазақстандықтар бауырлас беларусь халқына айрықша ықылас танытып, оның төл мәдениеті мен бай дәстүріне зор құрметпен қарайды, деді президент
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
"Беларусь халқының бірлігін, ұлттық рухының мықтылығын және елдің жасампаздық пен өркениет жолындағы батыл қадамын айшықтайтын бұл айтулы күннің символдық мәні ерекше. Қазақстандықтар бауырлас беларусь халқына айрықша ықылас танытып, оның төл мәдениеті мен бай дәстүріне зор құрметпен қарайды", – деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Беларусь арасында достық пен стратегиялық серіктестік рухына сай жемісті әрі өзара тиімді ынтымақтастық жолға қойылғанын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Беларусь халқына бақ-береке тіледі.
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2026
Тоқаев Геннадий Головкинді есімі Халықаралық бокс даңқы залына жазылуымен құттықтады
Жаңалықтар
0