Ес-түссіз жатыр: Алматыдағы 19 жастағы қызды ағаш басып қалды

CC BY-SA 3.0 / PatagoniaArgentina / Alerce milenarioОрмандағы ағаш
Ормандағы ағаш - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2026
Жазылу
Қажетті сот сараптамалары жасалып жатыр
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Алматыда Баум тоғайында бойжеткенді ағаш басып, зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға туралы әлеуметтік желіде жазылды. Бойжеткен анасы және сіңілісімен тоғайда серуендеп жүрген. Сол сәт қураған үлкен ағаш құлап, қызды басып қалған. Алайда сол күні жел де, жауын да болмаған. Желіде қыздың ауруханада ес-түссіз жатқаны туралы жазылған.
Полиция қылмыстық іс қозғады.

"Баум тоғайының аумағында ағаш құлап, салдарынан қыздың жарақат алу дерегі бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр", - дейді Алматы қаласының полиция департаментінде.

Қажетті сот сараптамалары жасалып жатыр.
Тергеу қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады, дейді полицияда.
Мягкая игрушка висит на капельнице, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2026
Қарағанды облысында баланың басына кірпіш құлады
Жаңалықтар
0