https://sputnik.kz/20260703/bektenov-akimderge-muzdaq-kolderdin-zhay-kuyin-baqylauda-ustaudy-tapsyrdy-64657120.html
Бектенов әкімдерге мұздақ көлдердің жай-күйін бақылауда ұстауды тапсырды
Бектенов әкімдерге мұздақ көлдердің жай-күйін бақылауда ұстауды тапсырды
Sputnik Қазақстан
Алматы, Маңғыстау облыстарының және Алматы қаласының әкімдіктері қалыптасып отырған жағдайды ерекше бақылауда ұстауы керек 03.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-03T18:21+0500
2026-07-03T18:21+0500
2026-07-03T18:25+0500
премьер-министр
су тасқыны
төтенше жағдай
https://sputnik.kz/img/07ea/06/1a/64459390_0:70:1280:790_1920x0_80_0_0_b62ab4500cf89c83fee6281665514585.jpg
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов ағымдағы гидрологиялық жағдай бойынша жиын өткізіп, су деңгейі бойынша ақпаратты тыңдады, деп хабарлады үкімет.Жиында айтылғандай, су тасқыны қаупі жоғары барлық өңірде төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдарының, оның ішінде авиацияны топтастыру алдын ала күшейтілді. Құтқару бөлімшелерінің, инженерлік және апаттық-құтқару техникаларының кезекшілігі ұйымдастырылды.Қазгидрометтің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің барлық аумағында жауын-шашын мол болады деп болжануда. Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарында нөсер жаңбыр жауады деп күтіліп отыр.Осыған байланысты Олжас Бектенов әкімдіктерге бірқатар тапсырма берді:Сонымен қатар жауапты министрліктер гидробекеттерде күнделікті бақылау жүргізуді және ауа райы болжамына тұрақты мониторинг жасауды қамтамасыз ету, трансшекаралық өзендердегі су шығыны мен туындауы мүмкін қауіптер туралы ақпаратпен үздіксіз өзара алмасуды ұйымдастыру тапсырылды.
https://sputnik.kz/20260703/mangystau-oblysynda-auyldy-su-basty---video-64656163.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/1a/64459390_44:0:1181:853_1920x0_80_0_0_fbcdcc6803208480127ab21216621143.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
премьер-министр, су тасқыны, төтенше жағдай
премьер-министр, су тасқыны, төтенше жағдай
Бектенов әкімдерге мұздақ көлдердің жай-күйін бақылауда ұстауды тапсырды
18:21 03.07.2026 (жаңартылды: 18:25 03.07.2026) Алматы, Маңғыстау облыстарының және Алматы қаласының әкімдіктері қалыптасып отырған жағдайды ерекше бақылауда ұстауы керек
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов ағымдағы гидрологиялық жағдай бойынша жиын өткізіп, су деңгейі бойынша ақпаратты тыңдады, деп хабарлады үкімет.
Жиында айтылғандай, су тасқыны қаупі жоғары барлық өңірде төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдарының, оның ішінде авиацияны топтастыру алдын ала күшейтілді. Құтқару бөлімшелерінің, инженерлік және апаттық-құтқару техникаларының кезекшілігі ұйымдастырылды.
Қазгидрометтің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің барлық аумағында жауын-шашын мол болады деп болжануда. Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарында нөсер жаңбыр жауады деп күтіліп отыр.
Осыған байланысты Олжас Бектенов әкімдіктерге бірқатар тапсырма берді:
адамдардың қауіпсіздігін және елді мекендердің инфрақұрылымын қамтамасыз ету жөнінде тиісті шаралар қабылдау;
жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдарының дайындығын қамтамасыз ету, оның ішінде эвакуациялау пункттерін, қажетті көлікті дайындау және халықты эвакуациялау жағдайларына ден қою жоспарларын жаңарту;
сел қаупі бар өңірлердің әкімдіктері мұздақ көлдердің жай-күйін ерекше бақылауда ұстау, оның ішінде олардың уақтылы босатылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ селді сақтайтын құрылыстардың дайындығын тексеру.
"Алматы, Маңғыстау облыстарының және Алматы қаласының әкімдіктері қалыптасып отырған жағдайды ерекше бақылауда ұстасын. Төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша жедел шаралар қабылдасын", – деді Олжас Бектенов.
Сонымен қатар жауапты министрліктер гидробекеттерде күнделікті бақылау жүргізуді және ауа райы болжамына тұрақты мониторинг жасауды қамтамасыз ету, трансшекаралық өзендердегі су шығыны мен туындауы мүмкін қауіптер туралы ақпаратпен үздіксіз өзара алмасуды ұйымдастыру тапсырылды.