Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Батыс Украинаға дрон жеткізуді бірнеше есе арттырды – Мирошник

© Sputnik / Алексей ФурманКиев, виды города
Киев, виды города - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2026
Жазылу
Батыс елдері Киевке қару-жарақ жеткізу бағытындағы басымдықтарын өзгерткен
АСТАНА, 3 шілде - Sputnik. Соңғы бір жылда Батыс елдерінің Украина Қарулы күштеріне жеткізген дрондарының саны 6-8 есе артқан. Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Родион Мирошник мәлімдеді.
Оның айтуынша, Батыс Киевке қару-жарақ жеткізу бағытындағы басымдықтарын өзгерткенін бірнеше рет мәлімдеген.
"Соңғы бір жылда украиналық әскери құрылымдарға жеткізілген дрондардың саны 6-8 есе өсті", – деді Мирошник брифингте.
Оның айтуынша, дрон жеткізілімдерінің артуы ұрыс алаңындағы жағдайға емес, Ресейдің азаматтық нысандары мен бейбіт тұрғындарына жасалған шабуылдардың көбеюіне әсер еткен.
Премьер-министр Словакии Роберт Фицо  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Батыс Ресеймен қақтығысқа іс жүзінде араласып отыр – Фицо
Жаңалықтар
0