Ақтөбеде мүгедек жандарды алдаған ер адам ұсталды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуТюрьма, иллюстративное фото
Тюрьма, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2026
Жазылу
Полицейлер бірнеше алаяқтық дерегі бойынша күдікке ілінген азаматты анықтап, полиция бөліміне жеткізді
АЛМАТЫ, 3 шілде – Sputnik. Ақтөбеде мүгедек жандарды алдады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
"Күдікті азаматтардың сеніміне кіріп, түрлі сылтаумен олардың ақшасын иемденген. Мәселен, бір жағдайда ол 51 жастағы әйелге баласының мүгедектік тобын III топтан II топқа ауыстыруға көмектесетінін айтып, одан 400 мың теңге алған", – деп мәлімдеді полиция.
Тағы бір жағдайда күдікті мүгедек баланы тәрбиелеп отырған 27 жастағы тұрғынға тұрғын үй кезегін жылжытып, баспана алуға көмектесуге уәде еткен. Осы қызметі үшін ол жәбірленушіден 1 миллион теңге алып, уәдесін орындамаған және ақшаны жеке қажетіне жұмсаған.
Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Забота - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2026
Қарағандыда алаяқ бір-біріне жақын тұратын зейнеткерлерді алдап кеткен
Жаңалықтар
0