Алматы облысында шенеуніктер iPhone үшін кәсіпкерді салықтан босатуға келіскен

© AFP 2024 / JUSTIN SULLIVANiPhone телефоны
iPhone телефоны - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2026
Жазылу
Мемлекеттік кірістер басқарманың лауазымды тұлғалары шоттарды бұғаттау санкцияларын қолданбау және хабарламаны кері қайтарып алу үшін кәсіпкер өкілінен 5 млн теңге көлемінде заңсыз сыйақы талап еткен
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Алматы облысында лауазымды тұлғалар жке кәсіпкерге салықтан жалтаруға көмектескендері үшін сотталды, деп хабарлады облыстық сот.
Камералдық бақылау барысында жеке кәсіпкердің кірістерін төмендету дерегі анықталып, оған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жолданған.
Аталған мәселені шешу барысында мемлекеттік кірістер басқарманың лауазымды тұлғалары өздерінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалана отырып, шоттарды бұғаттау санкцияларын қолданбау және хабарламаны кері қайтарып алу үшін кәсіпкер өкілінен 5 млн теңге көлемінде заңсыз сыйақы талап еткен.
"Кейіннен мекеменің басқа бөлім басшысының делдал ретінде араласуымен тараптар келісімге келіп, пара заты жалпы құны 1,5 млн теңгені құрайтын екі дана "iPhone 17 Pro" ұялы телефонына ауыстырылған. Лауазымды тұлғалар параны алғаннан кейін салықтық хабарламаны негізсіз "орындалды" деп таныған", - деп жазылған хабарламада.
Сот үкімімен, басқарма басшысына 52 млн теңге, бөлім басшысына 52,5 млн теңге және делдалға 15 млн теңге айыппұл тағайындалды. Олар өмір бойына мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банкте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енді.
Теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2026
Павлодарда шенеуніктер 400 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын тиімсіз жұмсамақ болған
Жаңалықтар
0