https://sputnik.kz/20260703/20-zhylda-algash-ret-almaty-khayuanattar-bagynda-zhanattar-toldedi-64659016.html
20 жылда алғаш рет: Алматы хайуанаттар бағында жанаттар төлдеді
20 жылда алғаш рет: Алматы хайуанаттар бағында жанаттар төлдеді
Sputnik Қазақстан
Алғашқы айларда олар анасымен бірге ұяда болып, сыртқа шықпаған 03.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-03T22:15+0500
2026-07-03T22:15+0500
2026-07-03T22:15+0500
алматы
зообақ
әкімдік
https://sputnik.kz/img/07ea/07/03/64652459_0:370:960:910_1920x0_80_0_0_8eb81d163877b67cbeb5505e28e1b021.jpg
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Алматы хайуанаттар бағында соңғы 20 жылда алғаш рет шайқағыш жанаттар төлдеді, деп хабарлады Алматы қалалық әкімдігі.Күшіктер 27 сәуірде туған. Алғашқы айларда олар анасымен бірге ұяда болып, сыртқа шықпаған. Белла төлдерін ерекше қамқорлықпен бағып, оларға ешкімді жолатпаған. Қазір күшіктер өсіп, өздігінен қозғала бастағандықтан, үлкен қоршауға шығып, айналаны қызығушылықпен зерттеп жүр.Әзірге күшіктердің жынысы анықталмағандықтан, оларға есім де кейінірек беріледі.Шайқағыш жанаттар отбасы хайуанаттар бағының керіктер экспозициясына қарама-қарсы орналасқан жыртқыш аңдарға арналған "Леопард" аймағындағы ең шеткі қоршауда мекендейді.Айта кетері, жанаттардың бұл тобы "шайқағыш" деп аталуына олардың тамақ пен әртүрлі заттарды жемес бұрын суда шайқап-шайып алуға әдеттенуіне себеп болған.
https://sputnik.kz/20260417/almaty-khayuanattar-bagynda-er-adam-arystanga-tas-laqtyrgan-62749272.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/03/64652459_0:280:960:1000_1920x0_80_0_0_b64fa99a7a3f7858be81c741d98d51ec.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, зообақ, әкімдік
20 жылда алғаш рет: Алматы хайуанаттар бағында жанаттар төлдеді
Алғашқы айларда олар анасымен бірге ұяда болып, сыртқа шықпаған
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Алматы хайуанаттар бағында соңғы 20 жылда алғаш рет шайқағыш жанаттар төлдеді, деп хабарлады Алматы қалалық әкімдігі.
"Арчи мен Белла есімді шайқағыш жанаттар үш күшікті дүниеге әкелді. Бұл соңғы жиырма жылға жуық уақыт ішінде хайуанаттар бағында дүниеге келген алғашқы шайқағыш жанат төлдері", - деп жазылған хабарламада.
Күшіктер 27 сәуірде туған. Алғашқы айларда олар анасымен бірге ұяда болып, сыртқа шықпаған. Белла төлдерін ерекше қамқорлықпен бағып, оларға ешкімді жолатпаған. Қазір күшіктер өсіп, өздігінен қозғала бастағандықтан, үлкен қоршауға шығып, айналаны қызығушылықпен зерттеп жүр.
Әзірге күшіктердің жынысы анықталмағандықтан, оларға есім де кейінірек беріледі.
"Шайқағыш жанаттардың жаңа туған күшіктерінің салмағы небәрі 60-70 грамм болады. Олар соқыр әрі саңырау күйде дүниеге келеді және алғашқы апталарда толықтай анасына тәуелді болады. Бұл кезеңде тек ана сүтімен қоректенеді. Қазір күшіктер біртіндеп ересек жануарлардың азығына үйреніп келеді. Рационында ет, балық, көкөніс, жеміс-жидек және сүйікті сұлы ботқасы бар", – дейді "Жыртқыш сүтқоректілер" бөлімінің жетекшісі Гаухар Сергибаева.
Шайқағыш жанаттар отбасы хайуанаттар бағының керіктер экспозициясына қарама-қарсы орналасқан жыртқыш аңдарға арналған "Леопард" аймағындағы ең шеткі қоршауда мекендейді.
Айта кетері, жанаттардың бұл тобы "шайқағыш" деп аталуына олардың тамақ пен әртүрлі заттарды жемес бұрын суда шайқап-шайып алуға әдеттенуіне себеп болған.