https://sputnik.kz/20260702/turkistanda-politsiya-kapitany-qyzmet-barysynda-koz-zhumdy-64623096.html
Түркістанда полиция капитаны қызмет барысында көз жұмды
Түркістанда полиция капитаны қызмет барысында көз жұмды
Sputnik Қазақстан
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр 02.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-02T15:42+0500
2026-07-02T15:42+0500
2026-07-02T15:44+0500
түркістан
https://sputnik.kz/img/07e5/09/11/18156619_0:65:3413:1985_1920x0_80_0_0_bddfc1efe877c0bd66efe6abdda7b525.jpg
АСТАНА, 2 шілде - Sputnik. Түркістанда қызметтік міндетін атқару кезінде полиция қызметкері қаза болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.Оқиға 2 шілдеде болған. Түркістан қаласында қызметтік міндетін атқару барысында қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының аға инспекторы полиция капитаны Бауыржан Қонысбеков қайғылы жағдайда көз жұмды."Патрульдік полиция экипажы жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, өз әрекетімен жол қозғалысының өзге де қатысушыларына қауіп төндірген көлік жүргізушісін тоқтатуға шыққан. Алайда Саттарханов даңғылы мен Тараз көшесінің қиылысында "Chevrolet Cobalt" қызметтік автокөлігін мінген полиция қызметкері жол апатына түсті", - дейді полиция.Бауыржан Қонысбеков оқиға орнында көз жұмды. Қазір тергеу жүріп жатыр. "Полиция капитаны Бауыржан Қонысбеков антқа адал, қызметтік борышын соңына дейін абыроймен атқарды. Ішкі істер министрлігі, Түркістан облысы полиция департаменті және ішкі істер органдарының жеке құрамы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - дейді Түркістан облысының полиция департаменті.Ішкі істер министрі Ержан Сәденов те марқұмның отбасына көңіл айтты.
https://sputnik.kz/20260326/al-farabi-dangylyndagy-zhol-apaty-almaty-politsiyasynda-qyzmettik-tekseris-bastaldy-62184239.html
түркістан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/11/18156619_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_500b92ae4b6829bdb8b06d248538ce6e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан
Түркістанда полиция капитаны қызмет барысында көз жұмды
15:42 02.07.2026 (жаңартылды: 15:44 02.07.2026) Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
АСТАНА, 2 шілде - Sputnik. Түркістанда қызметтік міндетін атқару кезінде полиция қызметкері қаза болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 2 шілдеде болған. Түркістан қаласында қызметтік міндетін атқару барысында қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының аға инспекторы полиция капитаны Бауыржан Қонысбеков қайғылы жағдайда көз жұмды.
"Патрульдік полиция экипажы жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, өз әрекетімен жол қозғалысының өзге де қатысушыларына қауіп төндірген көлік жүргізушісін тоқтатуға шыққан. Алайда Саттарханов даңғылы мен Тараз көшесінің қиылысында "Chevrolet Cobalt" қызметтік автокөлігін мінген полиция қызметкері жол апатына түсті", - дейді полиция.
Бауыржан Қонысбеков оқиға орнында көз жұмды. Қазір тергеу жүріп жатыр.
"Полиция капитаны Бауыржан Қонысбеков антқа адал, қызметтік борышын соңына дейін абыроймен атқарды. Ішкі істер министрлігі, Түркістан облысы полиция департаменті және ішкі істер органдарының жеке құрамы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - дейді Түркістан облысының полиция департаменті.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов те марқұмның отбасына көңіл айтты.