https://sputnik.kz/20260702/polshada-zhoygysh-ushaqtar-auege-koterildi-64601742.html
Польшада жойғыш ұшақтар әуеге көтерілді
Польшада жойғыш ұшақтар әуеге көтерілді
Sputnik Қазақстан
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері мен радиолокациялық бақылау құралдары жоғары дайындық режиміне көшірілген 02.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-02T08:53+0500
2026-07-02T08:53+0500
2026-07-02T08:53+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/499/77/4997753_192:295:3011:1880_1920x0_80_0_0_6b0750a5f5bbd7b34f3059f5412a7fde.jpg
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik.Польша Әскери-әуе күштерінің кезекші жойғыш ұшақтары мен одақтас елдердің авиациясы әуеге көтерілді. Бұл туралы Польша Қарулы күштері бөлімшелерінің жедел қолбасшылығы хабарлады.X әлеуметтік желісінде жарияланған хабарламада "Ресейдің алыс қашықтықтағы авиациясының Украина аумағындағы белсенділігіне байланысты" Польша аумағында әскери ұшақтардың әуеге көтерілгені айтылған.Сондай-ақ әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері мен радиолокациялық бақылау құралдары жоғары дайындық режиміне көшірілген.Соңғы уақытта Польша әскерилері мұндай хабарламаларды тұрақты түрде жариялап келеді. Әдетте бұл Украинада әуе дабылы жарияланған уақытпен тұспа-тұс келеді.NaTemat ақпарат порталының хабарлауынша, Ресей авиациясының Украинадағы болжамды белсенділігіне байланысты жойғыш ұшақтарды жиі әуеге көтеру салық төлеушілердің қалтасына салмақ салып жатыр. Ұлттық қорғаныс министрлігінің ресми мәліметіне сәйкес, F-16 жойғыш ұшағының бір сағаттық ұшу құны 76-77 мың злотый (шамамен 21 мың АҚШ доллары) тұрады.
https://sputnik.kz/20260701/ukraina-euroodaqtan-66-mlrd-euro-askeri-komek-surady-64591435.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/499/77/4997753_288:134:2840:2048_1920x0_80_0_0_bb8e5328728f3b66120f49859f6d8362.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Польшада жойғыш ұшақтар әуеге көтерілді
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері мен радиолокациялық бақылау құралдары жоғары дайындық режиміне көшірілген
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik.Польша Әскери-әуе күштерінің кезекші жойғыш ұшақтары мен одақтас елдердің авиациясы әуеге көтерілді. Бұл туралы Польша Қарулы күштері бөлімшелерінің жедел қолбасшылығы хабарлады.
X әлеуметтік желісінде жарияланған хабарламада "Ресейдің алыс қашықтықтағы авиациясының Украина аумағындағы белсенділігіне байланысты" Польша аумағында әскери ұшақтардың әуеге көтерілгені айтылған.
Сондай-ақ әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері мен радиолокациялық бақылау құралдары жоғары дайындық режиміне көшірілген.
Соңғы уақытта Польша әскерилері мұндай хабарламаларды тұрақты түрде жариялап келеді. Әдетте бұл Украинада әуе дабылы жарияланған уақытпен тұспа-тұс келеді.
NaTemat ақпарат порталының хабарлауынша, Ресей авиациясының Украинадағы болжамды белсенділігіне байланысты жойғыш ұшақтарды жиі әуеге көтеру салық төлеушілердің қалтасына салмақ салып жатыр. Ұлттық қорғаныс министрлігінің ресми мәліметіне сәйкес, F-16 жойғыш ұшағының бір сағаттық ұшу құны 76-77 мың злотый (шамамен 21 мың АҚШ доллары) тұрады.