Елордаға ұшқан Air Astana ұшағы әуежайға қона алмай, Алматыға кері қайтты
19:12 02.07.2026 (жаңартылды: 19:15 02.07.2026)

© Photo : Авиакомпания Air Astana
Жазылу
Жолаушылардың айтуынша, ұшақ Астанаға да, Қарағандыға да қона алмаған
АЛМАТЫ, 2 шілде - Sputnik. Алматыдан Астанаға ұшқан Air Astana ұшағы әуежайға қайта оралды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Алматы – Астана бағытындағы Air Astana жолаушылар ұшағы әуежайға қайта оралды. Ұшақтың діттеген жеріне жете алмағандығы туралы жолаушылардың бірі әлеуметтік желіде жариялады. Оның айтуынша, ұшақ не Астана, не Қарағандыға қона алмаған.

"Алматыдан Астанаға ұштық, бірақ ұшақ қона алмады. Борт Қарағанды әуежайына жіберілді, бірақ ол жерге қону мүмкін болмады. Ұшу кезінде ұшақ қатты шайқалды. Кейбір жолаушылардың қысымы көтеріліп, балалар жылады. Нәтижесінде борт Алматыға оралды", - деп жазды жолаушы.
Ұшақтың қона алмағанын Air Astana компаниясы растады.
"Астана мен Қарағандыда қолайсыз метеожағдайларға байланысты бүгін Алматы-Астана бағыты бойынша КС 641 рейсін орындаған ұшақ Алматыға оралды және жақын арада ұшу жоспарлан", - деп жазды әуе компаниясы.