Биыл көктемде 21 мыңнан астам адам әскер қатарына алынды

© Sputnik / Тимур БатыршинТоржественное мероприятии в честь Дня защитника отечества, 7 мая, в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев
Торжественное мероприятии в честь Дня защитника  отечества, 7 мая, в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2026
Жазылу
Әскери қызметке шақыру туралы хабарлама SMS-хабарлама және eGov порталындағы жеке кабинет арқылы жолданды
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Қорғаныс министрлігі әскерге көктемгі шақыру науқанының нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Биыл көктемде 18 бен 27 жас аралығындағы 21 мыңнан астам азамат әскерге шақырылды.
Қарулы күштердің қатарына - 11 мыңнан астамы;
Ұлттық ұланға - 7 мыңнан астам;
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне - 2 мыңға жуығы;
Төтенше жағдайлар министрлігіне – 400 адам;
Мемлекеттік күзет қызметіне - 300 азамат.
Әскери қызметке шақыру туралы хабарламалар азаматтарға SMS-хабарлама және eGov порталындағы жеке кабинет арқылы жолданды. Ал әскерге шақыруды кейінге қалдыру және одан босату рәсімдері автоматты түрде іске асырылды.
Бүгінде Қарулы күштер қатарындағы қызмет жас азаматтарға еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандығын да меңгеруге мүмкіндік береді. Әскери қызмет кезінде кредиттік демалыс қарастырылған. Ал жауынгерлік даярлықта үздік нәтиже көрсеткендер жоғары оқу орындарына мемлекеттік білім гранты негізінде түсе алады. Қалғандары ҰБТ-сыз ақылы бөлімге құжат тапсыра алады.
Гвардейцы Казахстана смогут оценивать качество питания в столовых через электронную систему - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2026
Әскерге барып келген жастарға оқуға грант табысталды
Жаңалықтар
0