https://sputnik.kz/20260702/amazon-men-g42-qazaqstandagy-biregey-zhobaga-qyzygushylyq-tanytyp-otyr---toqaev-64623723.html
Amazon мен G42 Қазақстандағы бірегей жобаға қызығушылық танытып отыр - Тоқаев
Amazon мен G42 Қазақстандағы бірегей жобаға қызығушылық танытып отыр - Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Астанада шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысы өтті 02.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-02T16:28+0500
2026-07-02T16:28+0500
2026-07-02T16:29+0500
қасым-жомарт тоқаев
инвестиция
орталық азия
павлодар облысы
жоба
шетелдік инвесторлар
https://sputnik.kz/img/07ea/07/02/64621721_0:57:1280:777_1920x0_80_0_0_8f9b54b92c6c6178f553a406d3f99f41.jpg
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Amazon мен G42 Павлодар облысындағы ірі жобаға қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бұған дейін Қазақстан Орталық Азия елдері арасында бірінші болып екі суперкомпьютерді сәтті іске қосқан болатын. Бүгінде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамытуға арналған заңнама қабылданды. Ал Павлодар облысында 1 гигаваттқа жететін Орталық Азиядағы ең ірі дата-кампус - Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы құрылады.Айта кетері, президент жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы жыл сайын өткізіледі. Осы жолы 38-ші пленарлық отырыс ұйымдастырылды.
https://sputnik.kz/20260702/elimiz-investitsiya-tartu-boyynsha-ortalyq-aziyadagy-koshbasshylygyn-saqtaudy-kozdeydi--toqaev--64621532.html
орталық азия
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/02/64621721_74:0:1206:849_1920x0_80_0_0_cc2606ba7666d3a16897b3fbcacc3002.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, инвестиция, орталық азия, павлодар облысы, жоба, шетелдік инвесторлар
қасым-жомарт тоқаев, инвестиция, орталық азия, павлодар облысы, жоба, шетелдік инвесторлар
Amazon мен G42 Қазақстандағы бірегей жобаға қызығушылық танытып отыр - Тоқаев
16:28 02.07.2026 (жаңартылды: 16:29 02.07.2026) Астанада шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысы өтті
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Amazon мен G42 Павлодар облысындағы ірі жобаға қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін Қазақстан Орталық Азия елдері арасында бірінші болып екі суперкомпьютерді сәтті іске қосқан болатын. Бүгінде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамытуға арналған заңнама қабылданды.
Ал Павлодар облысында 1 гигаваттқа жететін Орталық Азиядағы ең ірі дата-кампус - Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы құрылады.
"Бірегей жоба жаһандық капитал мен әлемнің жетекші технологиялық компанияларының басын қосатын қуатты орталыққа айналмақ. Amazon, G42 және басқа да салалық көшбасшылар осы экожүйеге қатысу мүмкіндігін қарастыра бастады", – деді Тоқаев.
Айта кетері, президент жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы жыл сайын өткізіледі. Осы жолы 38-ші пленарлық отырыс ұйымдастырылды.