2028 жылы елімізде Ислам даму банкі тобының отырысы өтуі мүмкін

© Photo : Президенттің баспасөз қызметіМемлекет басшысы Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман Әл-Джассермен кездесті
Мемлекет басшысы Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман Әл-Джассермен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2026
Жазылу
Бүгінге дейін Ислам банкі елімізге сомасы 4,2 миллиард доллардан астам қаржы бөлген
АСТАНА, 2 шілде - Sputnik. Тоқаев Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман Әл-Джассермен кездесті.
Президент Ислам даму банкі осы жылдар аралығында Қазақстанның ұлттық даму басымдықтарын қолдайтын сенімді серіктеске айналғанын атап өтті.
© Пресс-служба президента КазахстанаМемлекет басшысы Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман Әл-Джассермен кездесті
Касым-Жомарт Токаев встретился с президентом Исламского банка развития Мухаммадом Сулейманом Аль-Джассером - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2026
Мемлекет басшысы Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман Әл-Джассермен кездесті
Бүгінге дейін Ислам банкі елімізге сомасы 4,2 миллиард доллардан астам қаржы бөлген. Ал қазіргі және келешектегі жобалар портфелі 3 миллиард доллардан асады.
"Соңғы жылдары ИДБ өз тарихындағы ең үлкен қаржыландыру пакетін мақұлдады. Оның аясына жалпы сомасы 1,15 миллиард доллар болатын Су ресурстарын дамыту бағдарламасы, сондай-ақ Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтары мен индустриялық парктеріндегі инфрақұрылымды дамытуды көздейтін құны 1,3 миллиард доллар негіздемелік келісім кіреді", - делінген хабарламада.
Әңгімелесу барысында 2027-2032 жылдарға арналған жаңа стратегиялық серіктестік шеңберіндегі ықпалдастық мәселесі талқыланды. Президент еліміздің ИДБ-мен ұзақмерзімді институционалдық серіктестікті жолға қоюға және қолайлы инвестициялық саясат жүргізуге бейіл екенін растады.
Сондай-ақ мемлекет басшысы Ислам даму банкі топтарының жыл сайынғы кездесуін 2028 жылы Қазақстанда өткізу жөніндегі ұсынысқа қолдау білдірді. Ауқымды инвестициялық іс-шараға Банкке мүше мемлекеттер мен қаржы институттарының өкілдері, халықаралық инвесторлар қатысады.
Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассоны қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2026
ЕҚДБ Қазақстандағы инвестициялардың жалпы көлемін биыл 1,3 млрд еуроға ұлғайтпақ
Жаңалықтар
0