https://sputnik.kz/20260701/shqo-turgyny-gasyrdan-astam-tarikhy-bar-qarudy-saqtap-kelgen-64596076.html
ШҚО тұрғыны ғасырдан астам тарихы бар қаруды сақтап келген
ШҚО тұрғыны ғасырдан астам тарихы бар қаруды сақтап келген
Sputnik Қазақстан
Бұл — әйгілі қару-жарақ шебері Джон Мозес Браунинг жасаған, әлемдегі алғашқы сериялы өздігінен оқталушы тапаншалардың бірі 01.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-01T22:16+0500
2026-07-01T22:16+0500
2026-07-01T22:21+0500
полиция
қару тапсыру
шығыс қазақстан
https://sputnik.kz/img/07ea/07/01/64595913_0:0:1200:675_1920x0_80_0_0_2a00c5b1d20839951f55d3cd702b8e3c.jpg
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. ШҚО тұрғыны ғасырдан астам тарихы бар қаруды полицияға тапсырды, деп хабарлайды Polisia.kz.20 сәуірде Шығыс Қазақстанда басталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өз еркімен тапсыру бойынша республикалық акцияға облыс тұрғындары белсенді қатысып, бүгінгі таңда полиция бөлімшелеріне 49 бірлік атыс қаруы өз еркімен өткізілді.Заңсыз сақталған қаруды ақылы негізде өткізу бойынша республикалық акция аясында полицияға бірегей дүние тапсырылды.Тапанша сот-баллистикалық сараптамадан өтті, оның ақаусыз екені расталды. Қарудың көнелігіне қарамастан, ол өз жауынгерлік қасиетін сақтап қалған. Мамандар химиялық өңдеу әдісімен сериялық нөмірдің бір бөлігін қалпына келтіруге қол жеткізді.Еске салайық, қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар, егер олардың іс-әрекетінде өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтардың белгілері болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен толық босатылады.
https://sputnik.kz/20260622/qaru-zharaq-pen-aqsha-shekarada-qylmystyq-top-ustaldy-64324031.html
шығыс қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/01/64595913_150:0:1050:675_1920x0_80_0_0_7a542ed61a9f14a7157413fa792632a4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, қару тапсыру, шығыс қазақстан
полиция, қару тапсыру, шығыс қазақстан
ШҚО тұрғыны ғасырдан астам тарихы бар қаруды сақтап келген
22:16 01.07.2026 (жаңартылды: 22:21 01.07.2026) Бұл — әйгілі қару-жарақ шебері Джон Мозес Браунинг жасаған, әлемдегі алғашқы сериялы өздігінен оқталушы тапаншалардың бірі
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. ШҚО тұрғыны ғасырдан астам тарихы бар қаруды полицияға тапсырды, деп хабарлайды Polisia.kz.
20 сәуірде Шығыс Қазақстанда басталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өз еркімен тапсыру бойынша республикалық акцияға облыс тұрғындары белсенді қатысып, бүгінгі таңда полиция бөлімшелеріне 49 бірлік атыс қаруы өз еркімен өткізілді.
Заңсыз сақталған қаруды ақылы негізде өткізу бойынша республикалық акция аясында полицияға бірегей дүние тапсырылды.
"Әдеттегі аңшы мылтықтарының ішінен сарапшылардың ерекше назарын 1900 жылғы үлгідегі аңызға айналған "Браунинг" жүйесіндегі өздігінен оқталатын тапанша (калибрі 7,65 мм) аударды. Бұл — әйгілі қару-жарақ шебері Джон Мозес Браунинг жасаған, әлемдегі алғашқы сериялы өздігінен оқталушы тапаншалардың бірі", - деп жазылған хабарламада.
Тапанша сот-баллистикалық сараптамадан өтті, оның ақаусыз екені расталды. Қарудың көнелігіне қарамастан, ол өз жауынгерлік қасиетін сақтап қалған. Мамандар химиялық өңдеу әдісімен сериялық нөмірдің бір бөлігін қалпына келтіруге қол жеткізді.
Еске салайық, қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар, егер олардың іс-әрекетінде өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтардың белгілері болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен толық босатылады.