Қазақстандықтарды 6 млрд теңгеге алдаған әйел Түркияда ұсталды

© Скриншот видео Polisia.kzПодозреваемую в мошенничестве казахстанку депортировали из Турции
Подозреваемую в мошенничестве казахстанку депортировали из Турции - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2026
Жазылу
Күдікті 2018-2020 жылдар аралығында сыбайластарымен бірге әрекет еткен
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. 2021 жылдан бері іздеуде болған әйел Түркиядан Қазақстанға депортацияланды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Бес жыл бойы іздеуде жүрген 46 жастағы Қазақстан азаматы Анталия қаласында ұсталды.
"Күдікті 2018-2020 жылдар аралығында сыбайластарымен бірге әрекет еткен. Ол сенімге кіру арқылы еліміздің 1300-ден астам азаматының 6 миллиард теңгеден астам қаражатын иемденген", – дейді полиция.
26 маусымда іздеуде жүрген әйел Түркия Республикасынан Қазақстанға депортацияланды.
Жалпы жыл басынан бері ішкі істер органдарының қызметкерлері алаяқтық қылмыстарын жасады деген күдікпен 117 адамды ұстады. Олардың келтірген жалпы материалдық шығыны 17 миллиард теңгеден асады.
Забота - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2026
Қарағандыда алаяқ бір-біріне жақын тұратын зейнеткерлерді алдап кеткен
Жаңалықтар
0