https://sputnik.kz/20260701/qazaqstan-munayyn-baku-tbilisi-zheykhan-arqyly-alemdik-naryqqa-zhetkizu-maselesi-qaraldy-64579814.html
Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан арқылы әлемдік нарыққа жеткізу мәселесі қаралды
Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан арқылы әлемдік нарыққа жеткізу мәселесі қаралды
Sputnik Қазақстан
ҚМГ мен Chevron Қазақстан мұнайын өндіру, геологиялық барлау және экспорттық бағыттарды дамыту мәселелерін талқылады 01.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-01T12:52+0500
2026-07-01T12:52+0500
2026-07-01T12:52+0500
қазмұнайгаз
мұнай
https://sputnik.kz/img/07e9/07/0e/55623332_0:172:1200:847_1920x0_80_0_0_bfa9f07fe93ff76e2bdbc7571081412d.jpg
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. "ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов Астанада Chevron корпорациясының upstream жөніндегі президенті Клэй Неффпен кездесті, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.Тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша өзара іс-қимылдың қазіргі жай-күйін, соның ішінде "Теңізшевройл" ЖШС-нің тұрақты операциялық қызметі мен өндірістік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттарына баса назар аудара отырып, Теңіз кен орнын одан әрі игеру жоспарларын талқылады.Бұдан бөлек, кездесуде Қазақстан мұнайын Каспий құбыр желісі консорциумы және қосымша экспорттық бағыт ретінде Баку-Тбилиси-Жейхан арқылы әлемдік нарыққа жеткізу мәселелері қаралды.
https://sputnik.kz/20260630/zhanar-zhagar-may-qory-qansha-kunge-zhetedi--qazmunaygaz-basshysy-zhauap-berdi-64550868.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/0e/55623332_0:0:1201:900_1920x0_80_0_0_2eb549490d57ea5c94f0e83cab4697e0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазмұнайгаз, мұнай
Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан арқылы әлемдік нарыққа жеткізу мәселесі қаралды
ҚМГ мен Chevron Қазақстан мұнайын өндіру, геологиялық барлау және экспорттық бағыттарды дамыту мәселелерін талқылады
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. "ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов Астанада Chevron корпорациясының upstream жөніндегі президенті Клэй Неффпен кездесті, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша өзара іс-қимылдың қазіргі жай-күйін, соның ішінде "Теңізшевройл" ЖШС-нің тұрақты операциялық қызметі мен өндірістік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттарына баса назар аудара отырып, Теңіз кен орнын одан әрі игеру жоспарларын талқылады.
"Сонымен қатар ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды. Бүгінде компаниялар Қазақстандағы перспективті геологиялық барлау жобалары аясындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін зерттеп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Бұдан бөлек, кездесуде Қазақстан мұнайын Каспий құбыр желісі консорциумы және қосымша экспорттық бағыт ретінде Баку-Тбилиси-Жейхан арқылы әлемдік нарыққа жеткізу мәселелері қаралды.