Бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасы өзгереді

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуАрхивное фото мальчика, спящего за партой
Архивное фото мальчика, спящего за партой - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2026
Жазылу
Әліппеге дейінгі кезең 12 сағатқа ұзартылып, оны оқытуға 84 сағат бөлінді
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасы өзгеретінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде балалардың жас ерекшеліктеріне қарай оқу бағдарламалары қайта қаралды. Негізгі мақсат – оқу жүктемесін оңтайландыру, оқушылардың оқу, жазу, математикалық және функционалдық сауаттылығының берік негізін қалыптастыру.
"Атап айтқанда, 1-4-сыныптарға арналған “Математика” пәні бойынша 244 оқу мақсаты толық қайта қаралды. Оның ішінде оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін бірқатар мақсат алынып тасталды, кейбірі жоғары сыныптарға ауыстырылды. Сонымен қатар пәннің практикалық бағыты күшейтіліп, күрделі теориялық тақырыптардың көлемі қысқартылды және оқу жылының басы мен соңына "Өткенді қайталау" бөлімдері енгізілді", – деді Сүлейменова үкіметтің бүгінгі отырысында.
Министрдің айтуынша, бірінші сынып оқушылары үшін бейімделу кезеңі де енгізіледі.
"Бұл әртүрлі дайындық деңгейімен келген балалардың білім беру процесіне жеңіл бейімделуіне, санау, оқу және жазу дағдыларын жүйелі қалыптастыруға мүмкіндік береді", – деп атап өтті ол.
Тілдік пәндердің мазмұны да айтарлықтай жаңартылды. Мәселен, Әліппеге дейінгі кезең 12 сағатқа ұзартылып, оны оқытуға 84 сағат бөлінді. Ал "Ана тілі" пәні екінші жартыжылдықта 102 сағат көлемінде оқытылады.
"Оқу бағдарламаларында ауызша сөйлеу мәдениетін, мәтінді түсіну, оқырман сауаттылығы және жазбаша коммуникация дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар күшейтілді", – деді Сүлейменова.
Айта кетері, алдағы уақытта бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ-ны алып тастау мәселесі қарастырылуы мүмкін.
Мектепте жиынтық бағалауды қай сыныптарда алып тастайды – министрдің жауабы - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2026
Мектепте жиынтық бағалауды қай сыныптарда алып тастайды – министрдің жауабы
Жаңалықтар
0