Алматыдағы бір ауданды су басады – әкімдік түсініктеме берді

© Sputnik / Елена БережнаяСу тасқыны
Су тасқыны - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2026
Жазылу
Алматы әкімдігі тұрғындарды эвакуациялау туралы хабарламаларды жоққа шығарды
АСТАНА, 1 шілде - Sputnik. Әлеуметтік желілерде Алматыдағы Наурызбай ауданын су басуы мүмкін деген ақпарат тарады. Алайда мегаполис әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Әкімдіктің мәліметінше, Наурызбай ауданында су тасқыны болмады, тұрғындар эвакуацияланған жоқ.
"Уақытша орналастыру пункттерін дайындау, ол - ықтимал қауіп төнген кезде әрекет ету алгоритмдерінде көзделген тек қана алдын алу шарасы. Ескерту жүйесінің іске қосылғанына қарамастан, азаматтардан уақытша пункттерге орналастыру туралы өтініштер түскен жоқ", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта қалалық қызметтер мен төтенше жағдай саласы жағдайды тәулік бойы бақылауда. Сондай-ақ Ақсай өзенінің бассейніндегі жағдайды жіті назарда ұстап отыр, дейді әкімдік.
Қазгидромет бұған дейін таулы аймақта қалың жауын-шашын жауып, салдарынан сел жүруі мүмкін деген болжам жасаған болатын.
"Жағдай тұрақты бақылауда, сел қаупі бар учаскелерге мониторинг жүргізілуде, құтқару бөлімшелері жедел ден қоюға дайын. Халықты жедел ақпараттандыру үшін Наурызбай ауданында жергілікті жерде құлақтандыру жүйесі іске қосылды. Бұл тұрғындарға ақпаратты уақтылы жеткізуге бағытталған алдын алу шарасы. Сабыр сақтап, ресми хабарламаларды мұқият қадағалауды сұраймыз", - дейді әкімдікте.
Су ағыны тез көтеріліп жатыр, сондықтан қауіпсіздіктің басты шарасы - қауіпті аймақтан алдын-ала кету, деп хабарлады ведомствода.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, 2 шілдеде Кіші Алматы өзенінің бассейнінде (Кіші Алматы) сел ағындарының пайда болу қаупі сақталып отыр.
Туристическая скальная тропа на побережье Каспия в Актау  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2026
Жыл басынан бері Каспий теңізіне 6 млрд текше метрден астам су жіберілді
Жаңалықтар
0