Алматыда такси жүргізуші туристерден әуежайдан қалаға дейін 150 доллар алған

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуЗнак такси на автомобиле
Знак такси на автомобиле - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2026
Жазылу
Полицейлер шетелдік туристерге заңсыз алынған қаражатты қайтарып берді
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Алматыда такси жүргізуші үндістандық туристерді әуежайдан қалаға жеткізгеннен кейін олардан жолақы ретінде 150 доллар талап еткен, деп хабарлады қалалық полиция.
Бұған келіспеген туристер полицияға жүгінген.
"Тексеру барысында жүргізушінің кім екені жедел анықталып, заңсыз алынған қаражат шетелдік азаматтарға толық көлемде қайтарылды", - деп жазылған хабарламада.
Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік материалдар жиналып, заңды шешім қабылдау үшін мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотқа жолданады.
Алматы полициясы жолаушыларды, оның ішінде қала қонақтарын алдап, заңсыз пайда табуға бағытталған кез келген әрекетке қатаң тыйым салынатынын ескертті.
Такси - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2026
Қазақстанда такси агрегаторларына қойылатын талап күшейтілді
Жаңалықтар
0