
"Құлпынай айды" әлем бойынша сейсенбі, 30 маусым түнінде тамашалауға мүмкін болды.
Суретте: Толық ай Миссури штатындағы электр желілерінің арасынан көрініп тұр.

Алқызыл айды бірнеше күн бойы тамашалауға болады.
Суретте: Түркияның Ыстанбұл қаласындағы Галата мұнарасының үстіндегі толған ай.

"Құлпынай айы" терминінің айдың нақты реңкімен ешқандай байланысы жоқ.
Суретте: Катардың Доха қаласындағы ай.

Бұл атау Солтүстік Американың байырғы халықтарының мәдениетінен шыққан. Олар маусым айын табиғи белгі ретінде пайдаланған. Осылайша бұл жабайы құлпынай жинау маусымының басталуын білдіреді.
Суретте: Мысырдың Каир қаласындағы Әулие Антоний шіркеуінің кресттері арасынан көрініп тұрған "құлпынай ай".

Сонымен қатар бұл астрономиялық құбылыс айдың көкжиектен барынша аз биіктікке көтерілуімен байланысты. Бұл айдың енді пісіп жатқан құлпынайға ұқсайтын алқызыл түске боялуына әкеледі.
Суретте: Германияның Франкфурт қаласындағы метро станциясының үстіндегі Ай.

Маусым айында толық ай жазғы күн тоқырауынан кейін көп ұзамай қалыптасады.
Суретте: Ирактың Бағдат қаласындағы толған ай.

Бұл уақытта Күн аспандағы ең биік және ең ұзын доға бойымен қозғалады, ал толған ай, керісінше, көкжиекте салыстырмалы түрде төмен және қысқа жолмен жүреді.
Суретте: Уругвайдың Монтевидео қаласының аспанындағы ай.

Сол себепті ай ерекше әсерлі көрінеді.
Суретте: Техас штатының Арлингтон қаласында футбол добының артынан көрініп тұрған толған ай.
